Президент • 22 Маусым, 2019
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келешек ұрпаққа арналған жолдауы бар «уақыт капсуласын» салды
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 21 Маусым, 2019
Елбасы кітапханасы Алматы қаласында «Нұрсұлтан Назарбаев: кемеңгерліктің 30 жылы» атты көрмені ашты
Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің ең жоғары лауазымындағы қызметте болуының 30 жылдығына арналған «Нұрсұлтан Назарбаев: Кемеңгерліктің 30 жылы» атты кешенді тақырыптық көрме ашылды. Көрме хронологиялық тұрғыда ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының ортасынан бастап Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатының арқасында Қазақстан әлемге кең танылған қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді қамтиды.
Қазақстан • 21 Маусым, 2019
Сенаторлар көлік-логистика қызметін дамыту мәселелерін талқылады
Сенатта «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын іске асыру аясында ел экономикасын тиімді дамытуды қамтамасыз ету аясындағы көліктік-логистикалық қызметтердің келешегі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 21 Маусым, 2019
Сенат комитетінде салық салу мәселелері туралы заң жобасы қаралды
Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 21 Маусым, 2019
Қазақстан ТМД елдеріне құрылыс саласындағы бірыңғай жіктеу және кодтау жүйесін енгізуді ұсынды
Тюмень қаласында өтіп жатқан ТМД елдерінің құрылыс саласындағы ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық кеңестің XXXIX отырысында ҚР Құрылыс және коммуналдық-шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов ТМД елдеріне нормативтік-құқықтық деңгейде осы жіктеу және кодтау жүйесін бекіту мәселесін қарастыруды ұсынды.