Қазақстан • 21 Маусым, 2019

Қазақстан ТМД елдеріне құрылыс саласындағы бірыңғай жіктеу және кодтау жүйесін енгізуді ұсынды

643 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тюмень қаласында өтіп жатқан ТМД елдерінің құрылыс саласындағы ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық кеңестің XXXIX отырысында ҚР Құрылыс және коммуналдық-шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов ТМД елдеріне нормативтік-құқықтық деңгейде осы жіктеу және кодтау жүйесін бекіту мәселесін қарастыруды ұсынды.

Қазақстан ТМД елдеріне құрылыс саласындағы бірыңғай жіктеу және кодтау жүйесін енгізуді ұсынды

Қазақстанда халықаралық талаптарға сәйкес келетін бірыңғай ВІМ-бағытталған құрылыс ақпаратын жіктеу жүйесін құруда ауқымды жұмыс жүріп жатыр.

Бірыңғай жіктеу және кодтау жүйесі ТМД елдерінің арасындағы құрылыс салаларында интеграциялық үдерістерді жүзеге асыру үшін мүмкіндік ашады.

Мархабат Жайымбетов ағымдағы уақытта Қазақстанда және басқа да ТМД қатысушы елдерінде өзара байланыспаған, бытыраңқы жіктеушілер қатары бар екендігін хабарлады. Баға белгілеу жүйесінің жіктеушілері құрылыс саласы үшін өнеркәсіп иелерімен пайдаланылатын тауарлық номенклатура жіктеушісімен сәйкес келмейді, бірақ, сол басқа қызметтің де мақсаты ғимараттың немесе құрылыстың құрылысын салу болып табылады.

Құрылыстағы бірыңғай жіктеу және кодтау жүйесін құрудың негізгі мақсаты ұлттық стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестіру шарттарына негізделген бірыңғай ақпараттық қаңқа құру болып табылады.

Бірыңғай жіктеу және кодтау жүйесін әзірлеумен Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) мамандары айналысады.

«Құрылыс саласындағы ақпараттық модельдеуге көшу осыған дейін «тұрпайы» жобалау кезінде өзекті және басым болмаған мәселелер қатарын, мысалы, құрылыс үдерісіне қатысушылардың арасында ақпарат беру сияқты  проблеманы көтерді. Бірыңғай жіктеуші ақпаратты дәл сәйкестендіруге және түсінбестікті азайтуға мүмкіндік береді. Жіктеушінің негізгі рөлі құрылыс ақпаратының функционалдық және техникалық сипаттамаларын бөлу болып табылады. Жіктеуші мынадай ақпарат аспектілерін қамтиды: орналасуы, функционалдық тағайындалуы және техникалық жүйелерге тиістілік аспектісі. Жіктеудің бұл тәсілі атомдық салада пайдаланылады. Біз оны құрылыс саласының ерекшеліктерін есепке ала отырып, бейімдедік және қолдандық. Қазіргі уақытта Қазақстанда ақпараттық платформа іске асырылды, ол ҚР Құрылыс және коммуналдық-шаруашылық істері комитетінің сайтында қолжетімді», деп түсіндіреді «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Даму және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Александр Шахнович.

Александр Шахнович құрылыс ақпаратын бірыңғай жіктеу және кодтау жүйесімен жұмыс үдерісі туралы айта келе, ТМД елдерінің мамандарына ТМД қатысушы елдерінің құрылыс кешеніндегі техникалық реттеу мәселелері бойынша Базалық ұйымының (ФСО ФАМ) жанындағы ТМД елдерінің құрылысындағы ақпараттық модельдеу технологиялары саласындағы нормативтік-техникалық базаны дамыту жөніндегі комиссия жұмысының шеңберінде осы жобаға қосылуды ұсынды.

АЛМАТЫ