Білім • Бүгін, 08:30

97 талапкер тестілеуден шеттетілді

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2 наурызда басталған Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) бүгінге дейін 117 мыңнан аса адам өтті. Талапкерлердің 71,6 %-ы ҰБТ-ны қазақ тілінде, 28,3%-ы орыс тілінде, 111 адам ағылшын тілінде тапсырды.

97 талапкер тестілеуден шеттетілді

Сурет: inbusiness.kz

Кейінгі аптаның қоры­тындысында талап­керлердің 67,11 %-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 63 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 139 балл. Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқуға түсушілерге қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 283 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.

Талапкерлердің тест тапсыр­маларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабыл­данады. Нәтижелері бар сертификаттар апелляция қарастырылғаннан кейін жеке кабинеттерде орналастырылады. ҰБТ барысында калькулятор, химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі), тұздардың ерігіштік кестесі тестілеу бағдарламасында қолжетімді болады. Атап өтсек, үміткерлер өтініш беру барысында тестілеу күнін, уақытын, пунктін өздері таңдады.

ҰБТ-ны өткізудің үшінші аптасында 179 ережебұзушылық анықталды. 97 талапкер смартфон, шпаргалка басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 82 адам тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ.

2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз қалады. Талапкерлер үш міндетті пәнді және таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырады. ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» пәндерінен 10 тапсырмадан, сондай-ақ екі бейіндік пәннің әрқайсысынан 40 тапсырмадан беріледі. ҰБТ бойынша ең жоғары балл да өзгермейді, 140 балды құрайды. Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажет­тілігі бар балаларға  ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек. 2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүр­гізіледі. Тыйым салын­ған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анық­талған жағдайда ҰБТ нәтижелері жо­йылады.

Тағы бір ескеретін жайт, наурыздағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар, өткен жылғы мектеп түлектері, колледж түлектері, қандастар, шетелде білім алған ел азаматтары, мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу мақсатында  қатысады.

Соңғы жаңалықтар

Тағы да тариф туралы

Мәселе • Бүгін, 08:55

Баспана салу бәсеңдеген жоқ

Құрылыс • Бүгін, 08:48

Адам құқын қорғау әлеуеті

Құқық • Бүгін, 08:38

Заманымыздың заңғар тұлғасы

Руханият • Бүгін, 08:35

Қайтқан қаржы әділ бөлінеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:33