Аймақтар • 25 Маусым, 2021
Өкінішке қарай, індеттің жылдам тарайтын тағы бір түрінің пайда болуы, мегаполистің эпидемиялық ахуалын өзгертті. Сондықтан әркім өзін сақтандыруы тиіс. Мысалы, №36 қалалық емханада 99 жастағы алтын құрсақты Батыр ана Зағиша Чалова екпе алды. 12 баланың анасы, 15 немеренің әжесі ресейлік Спутник V препаратын таңдады.
Аймақтар • 25 Маусым, 2021
Індетпен күресте медициналық көмек іркілмейді
Нұр-Сұлтанда Медициналық сақтандыру қорының елордадағы филиалы мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшыларының қатысуымен «МӘМС: медициналық қызметтер, КВИ және медицина қызметкерлерінің үстемеақысы» тақырыбында онлайн-брифинг өтті.
Коронавирус • 25 Маусым, 2021
Адамзатқа ауыр сынақ болып келген Covid-19 індетін ауыздықтау қиынға соғуда. Ауруға қарсы тұрудың небір амалын жасап, күресімізді күшейтіп жатсақ та, бұл әрекетімізді жойқын «жау» жауапсыз қалдырмай отыр. Бүгінде әлемде коронавирустың жаңа штамдары пайда болып, індет қайта күш алып келеді. Өкінішке қарай, Қазақстанда да «үнді» штамы анықталып, үрейімізді үдетті. Бұл жағдай эпидемиялық ахуал ушығып бара жатқан елімізде карантин шараларын күшейтуге мәжбүрледі.
Аймақтар • 25 Маусым, 2021
Жуырда Үкімет тапсырмасына орай «Екібастұзды дамыту стратегиясы – 2021-2023» бағдарламасы басталды. Жоспарға сәйкес тұрғындар санын 200 мыңға дейін көбейтіп, қаланы дербес экономикалық орталыққа айналдыру керек. Өмірге жайлы қауіпсіз орта мен адами капиталды дамытуға мүмкіндіктер жасап, қала экономикасының құрылымын эволюциялық түрде өзгерту қажет.
Қазақстан • 25 Маусым, 2021
Алыпсатарлар бағаны қолдан өсіріп отыр. Ал жергілікті атқарушы органдар жайбарақаттық танытуда
Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру бойынша шаралар, сондай-ақ қазақстандық тауар өндірушілердің тұтынушыларға қолжетімділігін жеңілдету мәселелері Nur Otan партиясы жанындағы Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің жоспардан тыс отырысында талқыланды.