Маман • 23 Маусым, 2024
Биыл қауіпсіздік қызметіндегі қырағы иттердің көмегімен 164 қылмыс әшкереленген. Күдіктінің ізіне түсіп, арам пиғылын жүзеге асырғысы келген пысықайларды Астана қалалық полиция департаментіне қарасты Кинологиялық қызмет орталығының 50-ден астам иісшіл иті мен 31 кинологі анықтаған. Кәсіби мереке қарсаңында ұрлық-қарлық, тіпті есірткі тасымалдаушыларды құрықтауға үйретілген арнайы иттердің қызметімен жақынырақ танысып қайттық.
Қоғам • 23 Маусым, 2024
Қарағандылықтар облыстық полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Қуаныш Медеубаевты әуелі ақын ретінде таниды, одан кейін барып погон таққан полицей ретінде біледі.
Қоғам • 23 Маусым, 2024
Іле өзенінің бойында жатқан Балқаш ауданының орталығы Бақанас ауылында кіндігі кесіліп, қанаты қатайған өрендерінің бірі – полиция майоры Азамат Абдрахмановты ел-жұрты ерекше құрметтейді. Қырықтың қырқасына шыққан ол бұл күнде Алматы облыстық полиция департаменті Балқаш аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің басшысы қызметін абыройлы атқарады. Туып-өскен өңірдің тәртібін қадағалап, тыныштығын қамтамасыз етуде жарғақ құлағы жастыққа тимей қызмет етіп келеді.
Мереке • 23 Маусым, 2024
23 маусым елімізде екі бірдей кәсіби мереке – Мемлекеттік қызметші және Полиция күні аталып өтеді. Қоғам өмірінде аса салмақты саналатын қос мамандық иелерінің төл мерекелерінің қатар келуі де өзіндік мән-маңызға ие.
Заң • 23 Маусым, 2024
Заң тәжірибесінде маңызды рөл атқарады
Жүйелі түрде жүргізіліп жатқан сот реформасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, заңды мүдделерінің әділ қорғалуын қамтамасыз ету, сол арқылы елімізде заң үстемдігін орнату мақсатын көздейді. Өткен жыл біз үшін үшін іргелі бастамаларға толы болды. Ең басты ерекшелік деп Конституциялық Соттын құрылуын айтуға болады.