Экономика • 24 Маусым, 2021
Шымкентте жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі артты
Шымкентте жыл басынан бері жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 11 621,5 млн. теңгені құрады. Ол өткен жылмен салыстырғанда 137,3% - ға артқан. Сондай-ақ, қала өнеркәсібінің өндірілген өнімінің жалпы көлеміндегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 3,9% - ды құрайды. Ал республикада жеңіл өнеркәсіптің үлесі-20,9% - ға жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Маусым, 2021
ҚР Президенті «Lancaster Group Kazakhstan» холдингі директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Lancaster Group Kazakhstan» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Берік Қаниевті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Маусым, 2021
Шымкентте 6 кітапхана модернизациядан өткізілді
«Мәдениет саласында кітапхана желісін жаңғыртуға көп көңіл бөліп отырмыз. Бүгінгі таңда 6 кітапхананы модернизациядан өткіздік. Оның ішінде орталық әл-Фараби кітапханасы бар. Жыл соңына дейін тағы 4 кітапхананы жаңғырту жоспарда тұр. Өздеріңізге баяндағанымдай, кітапханалар «отбасылық кітапхана» концепциясымен дамып жатыр», деген Шымкент қаласының әкімі қала тіршілігінде мәдениеттің алар орны ерекше екендігін айтты.
Қоғам • 24 Маусым, 2021
ТЖМ фонтаннан балаларды құтқарған студентті марапаттады
Алматы фонтанында тоқ соққан балаларды құтқарған Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапанов ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің бұйрығымен «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Маусым, 2021
Асқар Мамин Қарағанды облысында инвестициялық жобалардың іске асырылуын тексерді
Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, сондай-ақ әлемдегі ең ірі автобус өндіруші «Yutong Group» компаниясының басқарма төрағасы Тан Юйсян телекөпір режимінде Саран қаласындағы зауытта «Yutong» маркалы автобустар мен арнайы техниканы шағын тораптық өндіру (CKD) желісінің ашылуына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.