Білім • 20 Маусым, 2018
Тәрбие тәлімі: Бірігіп іздену оқушының сенімін арттырады
Әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған жаңа білім беру жүйесі мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеді. Шыны керек, қазіргі мектеп оқушыларының психологиясын, жалпы дүниетанымын он-жиырма жыл бұрынғы балалармен салыстыруға келмейді.
Аймақтар • 20 Маусым, 2018
Андреевка ауылында жаңа мешіт пайдалануға берілді
Андреевка – болашағы жарқын ауылдардың бірі. Түтіні түзу шалқыған елді мекенде орналасқан «Арқалық» шаруа қожалығы астық өсірумен қатар бие ұстап, қымыз ашытады. Озық технологиямен өндірілетін жанға шипа дәрумен өнім өңірден тысқары жерлерге де жөнелтіледі. Ал Серәлі Шарипов жетекшілік ететін «Андреевка СК» ЖШС егіншілікпен де, мал шаруашылығымен де шұғылданады.
Медицина • 20 Маусым, 2018
Көзқарас: ҰБТ – ұрпақ білімін тексерудің ұтымды жолы
Білім XXI ғасырда адам капиталының басты құндылығына айналып отыр. Президент рухани жаңғыруымыздың ең негізгі тетігі «Білімнің салтанат құруы, аса білімдар адамдар ғана, білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жете алады» деген болатын.
Қазақстан • 20 Маусым, 2018
Құс шаруашылығын жандандырған «Болашақ» түлегі көпшіліктің ризашылығына бөленді
Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы аяқталар тұста Астана қаласының іргесіндегі Ақмол ауылына жолымыз түсті. Осы күні ауыл мешітінде ораза ұстаған елу-шақты жамағатқа арналған ауызашар дастарханы жайылды.
Аймақтар • 20 Маусым, 2018
Теміржолшылар кенті - Сексеуілдегі өркениет игіліктері
Атақты Сексеуіл стансасына іссапармен келдік. Арал қаласынан батысқа қарай жетпіс шақырым жерде орналасқан стансаның тұрғындары сонау жетпісінші жылдары кеңес империясының жосықсыз саясатына қарсы болып, пойыз жолын кеуделерімен жапқанын естіген едік. Ал бүгінде осы теміржолшылар кентіне өркениет игіліктері тартылып, жаңа құрылыстар салынбақ. Соның бірегейі таяуда ашылған спорт сарайы.