Руханият • 21 Маусым, 2019
Әке салған сара жолдан айнымай...
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылғы Жолдауында Қазақстан полициясының беделін арттыру мақсатында тың мәселелерді көтерген болатын. Стратегиялық құжатта алға қойған мақсаттар айқындалып, атқарылуы тиіс бірқатар міндет жүктелді. Басты мақсат – озық, дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Елбасымыз: «Біз әрдайым сыртқы сын-қатерлерге дер кезінде назар аударып, оларға дайын бола білдік», деп нықтап айтты.
Президент • 21 Маусым, 2019
Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл Жоспарын бекітті
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды тұғырнамасы мен «Бірге» жалпыұлттық акциясының барысында ел азаматтарынан келіп түскен ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 21 Маусым, 2019
Шекарашылар оқ-дәрімен және қанжарлармен өтпек болған адамдарды ұстады
Бүгін, сағат түнгі 1-лер шамасында Орал шекара отрядының «Сырым-авто» бөлімшесінде Ресейден Қазақстанға қарай Мемлекеттік шекарадан өзінен бір жас кіші, туған інісінің төлқұжатымен өтпек болған 22 жастағы жас жігіт ұсталды. Бұл туралы ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 21 Маусым, 2019
Полиция: уақыт иіріміндегі өзгерістер
Еліміздің бүгінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы құқық қорғау органдарының алдына да жаңа талаптар қойып отыр. Терроризм және экстремизм қаупі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністері саланы реформалау мәселесін күн тәртібіне шығарды. Бұл мәселе ел Президентінің де басты назарында. Сол себептен де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ алқа отырысында ведомствоның жұмысын жаңа деңгейге көтеріп, полицияның ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін бірқатар міндетті атап көрсеткен еді. Мемлекет басшысы, соның ішінде мал ұрлығы, ұялы телефон және автобөлшектер ұрлығының жолын кесу, есірткі бизнесіне қарсы күрес, трассалардағы жол апатын азайтуға қатысты шараларды күшейтуді тапсырды. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы қабылданғаны белгілі. Бұл маңызды құжат 54 іс-шараны қамтитын тоғыз бағыттан тұрады. Оның 39-ын осы жылы іске асыру жоспарланып отыр. Осы жұмыстардың аясында полицияның қоғаммен өзара байланыс жасаудың жаңа форматы енгізіле бастады.
Аймақтар • 21 Маусым, 2019
Шетелден 10 мың асыл тұқымды мал әкелінбек
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде өңірде 2011-2018 жылдар аралығында шетелдерден 7,4 мың асыл тұқымды аналық мал басын сатып алған.