Аймақтар • 21 Маусым, 2019

Шетелден 10 мың асыл тұқымды мал әкелінбек

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде өңірде 2011-2018 жылдар аралығында шетелдерден 7,4 мың асыл тұқымды аналық мал басын сатып алған.

Шетелден 10 мың  асыл тұқымды мал әкелінбек

Нәтижесінде, асыл тұқымды малдардың жалпы саны бұрынғы 7,4 пайыздан 13,4 пайызға артып, 54,9 мың басты құрағані. Ал, жыл басынан бері облысымызға шетелден 2 мыңнан астам ірі қара жеткізілген. Жыл соңына дейін тағы 8 мыңнан астам асыл тұқымды мал жеткізіледі деп жоспарланған.

Бүгінде өңірде жалпы қуаты 13,4 мың бас малға шақталған барлығы 10 бордақылау алаңы жұмыс істеуде. Аққулы ауданында «Ардақ» шаруа қожалығы 1 мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңының құрылысын бастады.

Баянауылдағы «МТС Жайма» ЖШС 1,5 мыңға шақталған мал семірту алаңын 3 мың басқа дейін кеңейтуге кіріскен. Ал, Май ауданындағы «My Feedlot» ЖШС жаңадан 1,5 мың бас ірі қараны бордақылауға мүмкіндік беретін жобаны жүзеге асыруда.

Өткен жылы ірі қара мал өсіретін 77, қой, ешкі өсіретін 20 шаруашылық құрылса, биыл 200-ден астам шаруашылық жұмысын бастамақ. Өткен жылы өңір шаруашылықтары шетелге 1348 тонна ет жөнелтсе, биыл бұл көрсеткішті 2300 тоннаға жеткізу жоспарлануда. Өзгеге тасығаннан гөрі, өзіміздің де ет жеуіміз, мал басын көбейтуіміз маңызды болар.

Павлодар облысы