Медицина • 31 Шілде, 2017
«Ұлы» ұғымының рухын неге түсіреміз?
Осыдан біраз бұрын «Фейсбук» әлеуметтік желісін «Ұлы Дала квартиранты» атты хэштег қойылған жазбалар желіп жүрді. Үлкен қалаларда өмір сүріп жатқан баспанасы жоқ адамдар өздерінің жай-күйлерін жарыса жазды.
Руханият • 31 Шілде, 2017
Мүсінші Бақытжан Әбішев туралы эссе. Ол кезде сақал дегенді суретшілер қоятын... ...1982 жылы екі бөлмелі пәтерге әрең қолымыз жетіп, баранды болмасақ та үйлі болғанымызға сенер-сенбесімізді білмей, есіміз шыға есіп жүрген тұс еді. Асқар Сүлейменов, Қалаубек Тұрсынқұлов, Шәрбану Құмарова, Жамалиддин Босақов, Сейілхан Асқаров, Сұлтанәлі Балғабаев, Иранғайып, Күләш Ахметова Қайырбек жездемізбен, Александр Сергеев, Василий Антонов сияқты қаламдас аға-апалар мен әйгілі Зейнолла Қабдолов, Бердібек Соқпақбаев, Оспанхан Әубәкіровтей ағалардың ұл-қыздарымен және Әсет Бейсеуов, Мұрат Ахмадиев, Ерболат Төлепбаев сияқты композитор, әнші, суретшілермен көршілес қоныстандық. Жаңа үй, жаңа тұрмыс. Күнде қоныс той, күнде қонақ, таусылмас думан.
Қазіргі заманда дүние есігін ашқан әр сәби жетістікке жетемін, танымал боламын деп келетін тәрізді. Оған бар жағдай жасалған: бұқаралық ақпарат құралдары, теледидар, интернет желісі, тоқтаусыз жүріп жатқан жарнама. Жетістікке жету, танымал болудың қыр-сыры неде? Неден бастау керек, қандай жолмен жүру керек, жоспарың анық па, қандай кітаптарды оқисың, кіммен дос боласың, айналаңда кім бар, осы және бұдан да басқа сансыз сұрақ алдыңда тұрары анық және оның бәрі адамға әсер етпей қоймайды, әрине.
Ауыл • 31 Шілде, 2017
Шыңғыс Ақатаев, РФ Том облысы губернаторының орынбасары: Туған ел үнемі көкейімізде тұрады
Шыңғыс Ақатаев – Ресейде жоғары лауазымды қызмет атқарып жүрген аз қазақтың бірі әрі бірегейі. Қандасымыз бес жылдың бедерінде көрші елдің Том облысында губернатордың орынбасары қызметін атқарып келеді. Астанадағы құрылтайға келген Шыңғыс Маметұлымен танысып-біліскеннен кейін, аз-кем әңгімеге шақырғанды жөн көрген едік.
Медицина • 31 Шілде, 2017
Мақсат – ұзақ өмір сүруге ықпал ету
Бүгінгі таңда әлем тұрғындарының қартаю проблемасы да айрықша өзекті болғандықтан, медицина ғылымында геронтология саласындағы зерттеулердің нәтижесі де жұртшылықтың үлкен қызығушылығын тудыратын факті болып табылатыны сөзсіз. Егде жастағы адамдардың денсаулығын сақтау және олардың белсенді өмір сүру кезеңін ұлғайтуға қолдау көрсету Қазақстан Республикасындағы басымдық берілген мемлекеттік міндеттердің бірі болып отыр.