Экология • 31 Шілде, 2023
Елдің төрт қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары
31 шілдеде синоптиктер Қазақстанның төрт қаласының ауасында зиянды заттардың жоғары болуы мүмкін деп болжап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Шілде, 2023
Тығырыққа тіреген су тапшылығы
Сырдағы шаруалардың бүгінгі басты уайымы дария арнасының төмендеуі болып тұр. Кейінгі үш-төрт жылдан бері егін және мал шаруашылығымен айналысатындарды алаңдатып келе жатқан мәселе биыл тіпті тығырыққа тіреп қойды. Ерте көктемде су молайып, арнадағы артық су көптен кенезесі кеуіп жатқан көлдер жүйесіне жіберілгенін көрген жұрт «Бұйырса биыл қиналмаспыз», деп қуанысқан еді. Бірақ вегетациялық кезеңде Шардара су қоймасына болжанған су түспей, «Үйдегі есепті базардағы нарық бұзадының» кері келді. Амалы таусылған диқандар облыстық кәсіпкерлер палатасында сала мамандарымен кездесіп, мәселені шешудің жолдарын іздеді.
Аймақтар • 31 Шілде, 2023
Кереку өңірінің шаруалары үшін биыл мал азығын дайындау үлкен мәселеге айналып тұр. Аймақта соңғы рет 2021 жылғы қуаңшылық фермерлерді біраз тұралатып кеткен еді. Жайылмада шөп шауып үйреніп қалғандарға алдағы қыс тіпті қиын болатындай. Себебі Ертіс өзені бойындағы шабындықтардың небәрі 20-30 пайызына ғана су жеткен.
Футбол • 31 Шілде, 2023
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының кейінгі жылдардағы Еуропадағы сенсациялық жеңістері кездейсоқ емес екенін Еурокубок ойындарына қатысып жатқан командаларымыз тағы бір мәрте дәлелдеп берді. Өткен аптада Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде өнер көрсеткен Қостанайдың «Тобылы» мен Ақтөбенің «Ақтөбесі» сырт алаңда кәрі құрлықтың азулы командаларын өз алаңдарында ірі есеппен тізе бүктірсе, «Ордабасы» Шымкентте Польшаның даңқты ұжымы – «Легиямен» тең түсті.
Қоғам • 31 Шілде, 2023
Мұнайлы өңірдің өзекті мәселесі
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Атырау облысына жұмыс сапармен келіп, бірнеше нысанды аралады. Өңірдегі мәслихат депутаттарымен, кәсіпкерлермен, ауыл тұрғындарымен кездесуде өзекті мәселелер қозғалды. Оның ішінде инфрақұрылымдарды дамыту, кәріз жүйелерін жөндеу, бюджеттік төлемдерді қайта қарау, жұмыссыздық, баспанамен қамту, қоршаған ортаны қорғау секілді түйіні тарқатылмай отырған жайттар бар.