Қоғам • 28 Шілде, 2023

Мектеп есепшісі бюджеттен 76 млн теңге жымқырған

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында прокурорлар облыс орталығының жалпы білім беретін мектептерінің бірінде есепші 76 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мектеп есепшісі бюджеттен 76 млн теңге жымқырған

Штаттық кесте мен банктік шоттарды салыстыру барысында 3 жыл бойы өзіне артық соманы есептеген мектептің бас бухгалтерінің тиісті және іс-жүзінде төленген жалақысының арасындағы айырмашылық анықталды.

Аталған факті бойынша прокурорлар қылмыстық іс қозғап, тергеу ЭТД-не тапсырылды.

Тергеу барысында аталған мектептің есепшісі кінәсін толықтай мойындады.

Сот үкімімен кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша 5 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.