Аймақтар • 28 Шілде, 2023

Түркістан облысында екі ауыл табиғи газға қосылды

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тағы екі ауылды табиғи газға қосты, деп хабарлайды Egemen.kz Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында екі ауыл табиғи газға қосылды

Фото: kaztransgas_aimak инстаграм

Түркістан облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Роза Сариева, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, БАҚ өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысқан газ жеткізу салтанатында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров газ мамандарының басты міндеті – әр шаңыраққа жылу мен қуаныш сыйлау екенін атап өтті.

«QazaqGaz» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан облысындағы Келес ауданының Бәйтерек және Жамбыл-2 елді мекендерін табиғи газға қосты.

Табиғи газды бұл ауылдарға жеткізу үшін Ғани Мұратбаев атындағы газ тарату станциясынан (ГТС) 25 шақырымнан аса газ құбыры төселді, соның арқасында 544 тұрғын үйді табиғи газға қосу мүмкіндігі туды.

Газ мамандары тұтынушыларға қауіпсіздік шараларын сақтау және газды үнемді пайдалану ережелері жазылған ескерту парақшаларын таратты.