Қазақстан • 22 Шілде, 2019
Автотехбайқаудың жыры қашан бітеді?
Қоғамда автокөліктерді техникалық байқаудан өткізудің қажеттілігі немесе қажетсіздігіне байланысты алуан пікірлер көптен бері айтылып келеді. Бұл арада мемлекеттің ұстанымы айқын – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлікті техникалық байқаудан өткізу адам амандығын сақтап, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоршаған ортаға келетін зиянды азайтады деп топшылайды. Алайда, осы техникалық байқаудан өткізу саласындағы былықтарға әбден көз жеткізген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі байқаудың тәртібін қайта қарау, тіпті оны сапалы жүргізудің тетігі табылғанша, уақытша тоқтату керек деген қорытындыға келген.
«Бәйтерек-fest» ұлттық фестивалін өтеді
Ұлттық Дельфий Комитеті «Бәйтерек-fest» ұлттық фестивалін өткізеді. Бұл жоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ - CISC мемлекеттік гранты шеңберінде жүзеге асыуда.
Аймақтар • 21 Шілде, 2019
Б.Сағынтаев Алматы тау бөктеріндегі селден қорғау іс-шараларының барысымен танысты
Тау етегіне жасаған жұмыс сапары кезінде шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев Дулати көшесі бойындағы жол мен саябақтың жөндеу жұмыстарын пысықтап, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне кіру үшін автоматтандырылған төлем жүйесін көріп қайтты. Аталған жүйе көлеңкелі қолма-қол ақша аударымдарына тосқауыл болып, бақылау-өткізу пунктіндегі (БӨП) қызметкерлер санын азайтуды көздейді. Автоматтандырылған БӨП мобильді қосымша арқылы төлем жүргізуге болады. Сонымен қатар, алдын-ала броньдауға да мүмкіндік бар. Туристерге «Оңай» картасын да пайдалануға болады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 21 Шілде, 2019
Роман Скляр металлургтерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр металлургтерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 21 Шілде, 2019
Отандық ватерполшылар әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Кванджуда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда. Су добынан ерлер арасындағы сында Қазақстан командасы алғаш рет жеңіске жетті. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.