21 Шілде, 2019

«Бәйтерек-fest» ұлттық фестивалін өтеді

553 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық Дельфий Комитеті «Бәйтерек-fest» ұлттық фестивалін өткізеді. Бұл жоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ - CISC мемлекеттік гранты шеңберінде жүзеге асыуда.

«Бәйтерек-fest» ұлттық фестивалін өтеді

Жастар жылына арналған бұл мәдени жоба алғаш рет өткізіліп отыр. Фестивальді екі кезеңде өтеді. Бірінші іріктеу туры – елдің барлық облыстарынан келген талантты жастардың онлайн-өтінімдерін 2019 жылдың 20 шілдеге дейін қабылдаса, екіншісі - фестивальдің ақтық сыны осы жылдың тамыз айында Елордада өтеді.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, үш финалист Ұлттық Дельфий комитетінің халықаралық шығармашылық жобаларына қатысу құқығына ие болады.

Жобаға 14-28 жас аралығындағы шығармашыл жастар қатысады. Жоба аясында Ұлттық Дельфийлік қазылар алқасы қатарынан еліміздің мәдениет қайраткерлерімен шеберлік сағаттарын өткізу және байқауға қатысушыларға менторлық қолдау көрсету жоспарланып отыр.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырушылар ерекше қажеттіліктері бар талантты жастардың арасынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтайды.

Фестиваль бағдарламасында келесі аталымдар ұсынылып отыр:

1. Хореография (халықтық, заманауи, эстрадалық би);

2. Вокал (халықтық, эстрадалық, академиялық);

3.Ым-ишара тілінде орындау (соло, ансамбль, шағын нысанда);

4. Бейнелеу өнері (жеке);

5. Сәндік-қолданбалы өнер (жеке);

6. Халық аспаптары (домбыра, қобыз, баян/аккордеон және т. б.);

7. Театр өнері (қойылым үзінділері, миниатюралар, монологтар, скетчтер және т.б.);

8. Электрондық музыка (клавишалық, қияқты және ішекті аспаптар);

9. Киім дизайны;

10. Ашық номинация (жеке номинациямен мәлімделмеген кез келген шығармашылық түрі).

Конкурстық комиссия ұсынылған әр номинациялар бойынша бірінші, екінші және үшінші орын иегерлерін анықтайды.