Коронавирус • 25 Шілде, 2022
Инфекциялық орталық қайта ашылды
Тобыл-Торғай өңірінде коронавирус індетінің өсімі байқалады. Бұған қоса, Рудный қаласында мидың қабынуына әкеліп соғатын қауіпті менингит тіркелді.
Медицина • 25 Шілде, 2022
2022 жылдың 11-15 шілдесі аралығында Жүрек орталығында респираторлық қолдау бойынша нұсқаушылар үшін симуляциялық курс өткізілді. Тренингке клиниканың ересектер мен балалар анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімдерінің меңгерушілері мен дәрігерлері қатысты. Қызметкерлер әртүрлі әлемдік брендтердің өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараттары арқылы пациенттерді респираторлық қолдаудың заманауи тәсілдерімен танысты және манекендерде симуляциялық сценарийлерді пысықтады.
Қоғам • 25 Шілде, 2022
Қауіпсіздік мәселесі – басты назарда
Оқушылардың жазғы каникулы басталысымен балалардың қауіпсіздігі мәселесі алдан шығады. Ата-аналардың қарауынсыз түнгі уақытта серуендеп, суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерді жағалап кететін жеткіншектер бар. Мұның арты қайғылы жағдайға апаратын оқиғалар аз емес.
Аймақтар • 25 Шілде, 2022
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев жұмыс сапарымен Тараз қаласына келді. Алдымен облыстық ардагерлер үйіне барған ол зиялы қауымның ұсыныстарын тыңдады.
Аймақтар • 25 Шілде, 2022
Петропавл әуежайы жекеменшікке сатылды
Төрт айдан бері сатып алушы табылмай, иесіз тұрған Петропавлдың әуежайы әйтеуір төртінші тендер өткізілгенде сатылып, жаңа иесін тапты. Түпкілікті сатып алу құқымен сенімді басқаруға алған жаңа иесі оны жарты бағасына ғана алды. Өйткені наурыз айынан бері өткізілген үш конкурста алушы табылмағандықтан шу дегендегі 5,640 млрд теңге бағасы мемлекеттік мүлікті сатудың ережесі бойынша екі есе арзандатылған еді.