Медицина • 25 Шілде, 2022

Жүрек орталығындағы тренинг

227 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2022 жылдың 11-15 шілдесі аралығында Жүрек орталығында респираторлық қолдау бойынша нұсқаушылар үшін симуляциялық курс өткізілді. Тренингке клиниканың ересектер мен балалар анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімдерінің меңгерушілері мен дәрігерлері қатысты. Қызметкерлер әртүрлі әлемдік брендтердің өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараттары арқылы пациенттерді респираторлық қолдаудың заманауи тәсілдерімен ­танысты және манекендерде симуляциялық сценарийлерді пысықтады.

Жүрек орталығындағы тренинг

Тренингті GISP педиатриядағы симуляция бойынша халықаралық тобының үйлестірушісі, Дмитрий Рогачев атындағы Балалар гематологиясы, онкология және иммунология ұлттық медициналық зерттеу орталығының аккредиттеу және симуляция бөлімінің басшысы Уго Лоайса жүргізді. Оқыту барысында дәрігерлер теориялық бө­ліммен танысты, пациенттерде тыныс алу жеткіліксіздігі кезіндегі ӨЖЖ аппараттары режімдерінің параметрлері мен сыныптамаларын зерттеді. Курсқа қатысушылар алған білімдерін оқытудың практикалық бөлігінде бекітті, оның барысында нақты жағдайлар режімінде медициналық аппаратура мен жаб­дық­тар қолданылды. Тренинг соңында манекендердегі күрделі клиникалық жағ­дайлардың симуляциялық сце­на­рий­лері пысықталды. Оқытудың бұл тәсілі мамандарды пациенттерді бас­қаруда жедел және тиімді шешім қабылдау үшін дайындауға көмектеседі.

«Бұл курс белсенді форматта, тал­қылаулармен және сапалы кері бай­ланыспен өтті. Артықшылығы, кли­никалық мәселелерді шешуде жаңа білімді қолдану және дағдыларды кли­никада тікелей дамыту мүмкіндігі бол­­ды. Операциялар және операциядан кейінгі қалпына келтіру кезінде өкпені жасанды желдету аппараттары пациенттердің орнына тыныс алуды қолдайды. Сондықтан, пациенттердің жағдайына байланысты жабдықтың параметрлерін реттей білу олардың тез сауығуы үшін маңызды», деп бөлісті Жүрек орталығының анестезиология бөлімінің клиникалық-академиялық директоры Айдын Қуанышбек.

Респираторлық қолдауды оқыту әдістемесі симуляциялық тренингтер өт­кізуге білікті нұсқаушыларды да­йын­дауға және олардың кәсіби білік­ті­лігін арттыруға бағытталған. Курс аяқ­талғаннан кейін қатысушылар GISP педиатриядағы симуляция бойынша халықаралық тобының нұсқаушы ретін­де курстарды өткізу құқығын беретін халықаралық сертификаттарын алды. Айта кетейік, Жүрек орталығының мамандары өз оқу базасын құрып, клиникада респираторлық қолдау бойынша осындай тренингтер өткізуді жоспарлап отыр.