Фото: ҰОК
Осылайша Геннадий Головкин Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күнін ашып берді.
GGG ағаш таяқпен еденді үш рет ұрып, жекпе-жектердің басталғанын хабарлады.
Ұйымдастырушылар бұл жаңашылдықпен Францияның мәдени дәстүрлеріне басымдық бере отырып, театр мен спортты біріктіруге ұмтылған.
Бұл дәстүрді Ұлттық олимпиадалық комитет көпшілікті спортшылардың өнеріне үлкен құрметпен қарауға шақырады деп түсіндірді. Сондай-ақ үш соққы көрермендерді әрбір оқиғаның жанкүйер құрметіне лайық екенін еске салады және үш соққы орындалған кезде театрдағы секілді, трибунаға жиналған жанкүйерлер де бір минут үнсіздік сақтауы керек.