Шаруашылық • 31 Шілде, 2024

Ғалымдар омарташыларға арналған қосымша ойлап тапты

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан ғалымдарының ара шаруашылығына арнап ойлап тапқан қосымшасы «Apislab» деп аталады, деп хабарлайды Egemen.kz

Ғалымдар омарташыларға арналған қосымша ойлап тапты

Фото: Almaty.tv

Бейресми деректер бойынша Қазақстанда 1500-ден астам омарташы бар. Олардың 320-ға жуығы ғана селекциялық-асыл тұқымды жұмыстар жүргізеді, яғни «Apislab» қосымшасына тіркелген.

Almaty.tv-дің хабарлауынша қағазға жазып, есеп жүргізу алынып тасталмаған. Аталған қосымша – саладағы ақпаратты цифрландыруды көздейді. «Apislab» жүйесінің негізгі мақсаты – іріктеу жүргізу арқылы араның асыл тұқымды түрін сақтап қалу.

«Араның қанатын сканерлеп, бағдарламаға жүктейміз. Әр қанатының бұрышындағы реті бойынша нүкте қойып шығамыз. Ол автоматты түрде бағдарламада есептеліп, нәтиже шығады. Яғни араның тұқымы туралы ақпарат береді», деді Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты Ара шаруашылығы бөлімінің маманы Гүлім Халықова.

Қосымшаның шарапатын көріп отырған шаруашылықтар да бар. Олардың айтуларынша бұрынғыдай қағазға жазып қиналмай, телефон арқылы барлық ақпаратты біліп отыруға болады.

Соңғы жаңалықтар

Жыл камбэгі

Әлем • Бүгін, 09:35

Малсақ қауымның мұраты

Шаруашылық • Бүгін, 09:30

Қос ауылдың қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:20

Жирен аң қашан келеді

Талбесік • Бүгін, 08:55

Рухани құлдыраудың ащы шындығы

Руханият • Бүгін, 08:48

Тарихтағы тың өріс

Руханият • Бүгін, 08:43