Аймақтар • 19 Шілде, 2017
Жас шаңғышылар Талғардағы спорт лагерінде болды
Шаңғы жарысымен айналысатын 60-тан астам бала 10-18 шілде аралығында «Алатау» шаңғы-биатлон кешеніндегі жазғы спорттық-сауықтыру лагерінде бір апта болып қайтты. Балаларға арнап мәдени ойын-сауық іс-шаралар мен жаттығулардан тұратын тартымды әрі қызықты бағдарлама әзірленді.
Аймақтар • 19 Шілде, 2017
Мақтарал ауданы сапалы электр қуатымен қамтылды
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының тұрғындарын сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында Өзбекстан Республикасының электр желілері пайдаланыла бастады.
ЭКСПО-2017 • 19 Шілде, 2017
Ресей Федерациясының павильонында мемлекеттің атомдық технологияларына арналған «Атом апталығы» ашылды. Салтанатты рәсімге «Росатом» корпорациясы бас директорының бірінші орынбасары Кирилл Комаров, павильонның бас комиссары, Сауда және өнеркәсіп министрі Георгий Каламанов және ЭКСПО-2017 комиссары Рәпіл Жошыбаев қатысып, тұсаукесер лентасын қиды.
Технология • 19 Шілде, 2017
Ескі дөңгелектің екінші «өмірі»
Ресми деректерге сүйенсек, елімізде жылына 100 мың дөңгелек жарамсыз қалып, қоқысқа тасталады екен. Ал сол істен шыққан дөңгелектерді қайта өңдеу арқылы басқа да кәдеге жаратуға болады. Күні кеше ғана Алматы облысының Қарасай ауданында жылына 6 мың дөңгелекті қайта өңдей алатын жаңа зауыт іске қосылды.
Қазақстан • 19 Шілде, 2017
Астанадағы қонақүйлер жалдау құнын бір айдың ішінде 24 пайызға қымбаттатыпты. «Еnergyprom.kz» ғаламтор көзінің мәліметінше, туристерді күтуші қонақүйлер, отельдер мен басқа да орындар саны жазғы маусымда 19 пайызға өссе, жекелеген нөмірлер саны 15 пайызға артқан.