ЭКСПО-2017 • 19 Шілде, 2017

«Атом апталығы» ашылды

216 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ресей Федерациясының па­вильонында мем­ле­кет­тің атомдық техноло­гия­ларына арналған «Атом апталығы» ашылды. Сал­та­натты рәсімге «Рос­атом» корпорациясы бас ди­­ректорының бірінші орын­­басары Кирилл Ко­ма­ров, павильонның бас ко­миссары, Сауда жә­не өнеркәсіп министрі Гео­ргий Каламанов және ЭКСПО-2017 комисса­ры Рә­піл Жошыбаев қа­ты­сып, тұсаукесер лентасын қиды.

«Атом апталығы» ашылды

«Жасыл» энергия көздеріндегі теңгерім болашақтағы мінсіз энергиялық теңгерім болмақ. Көптеген халықаралық сарапшылар біздің бұл ойымызбен ке­ліседі. Әрине, «жасыл» энер­гия­лық теңгерімде атомдық энергетика елеулі рөлге ие болып қала береді. Бірақ, атомдық технологиялар бүгінде жай ғана энергетика емес. Біздің экспози­ция­ны тамашаласаңыздар, медици­на мен ауыл шаруашылығы сала­ларында суды тазарту және тұщыландыруда радиациялық тех­но­логияларды қолдану секілді атом­дық технологиялардың адам өмірін қаншалықты жақ­сар­та­тынын көрер едіңіздер. Арктика та­қырыбы да ерекше атап өтуге тұ­рарлық мақтанышымыз. Біз мұнда ресейлік мұзжарғыш флот­тың бүгіні мен болашағын көр­се­тіп отырмыз. Бұл – атомдық энер­гияға негізделген әлемдегі жалғыз мұз­жарғыш флот. Сондай-ақ, көр­меде мұзжарғыштың жаңа үлгісі – «Лидер» мұзжарғышының жә­не атомдық мұзжарғыштар мен жүзбелі атомдық стансаның ма­кеттері бар Солтүстік теңіз жо­лын көре аласыздар», деді жи­ында «Росатом» корпорациясы бас директорының бірінші орынбасары, халықаралық бизнес және даму бөлімінің директоры К.Комаров. 
Басқосудан соң келушілер 3+ үлгісіндегі энергетикалық блок­қа виртуалды саяхат жасап, радиациялық технология­лар­ды медицина мен ауыл ша­руа­шылығында пайдалану, атом энергиясын ғарышты меңгеруде қол­дану мүмкіндіктері және су­пер­компьютерлер, тұйық отын цик­лы, жоғары өткізгіштер мен ядролық энергетика туралы баяндайтын экспозициямен танысты.  

Асхар Райқұл,

"Егемен Қазақстан"