Руханият • 19 Шілде, 2019
«Томирис» фильмінің трейлері Түркияда бір күнде 1 миллион қаралым жинады
Біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырдағы оқиғалар жайында сыр шертетін «Томирис» көркем фильмінің ресми трейлері Түркияда бір күнде 1 миллион қаралым жинады.
Аймақтар • 19 Шілде, 2019
Полиция департаменті жолда да, желіде де қабылдайды
Қостанай облысының орталығында «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясының кезекті кезеңі өтіп жатыр. Полиция қызметінің ашықтығының арқасында қала тұрғындары көкейкесті сұрақтарын қоя алады. Сұрақтардың басым көпшілігі көші-қон мен жол қозғалысы ережелеріне қатысты. Азаматтарды облыстық ПД бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Нығмет Исмағұлов және басқа да қызмет бастықтары қабылдады.
Аймақтар • 19 Шілде, 2019
Семейлік Азат Сарпеков Елбасына жыр эстафетасын жолдады
Семейдегі электротехникалық колледждің директоры Азат Сарпеков Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Ұлы ақынның өлеңін Абайдың мемлекеттік қорық-музейінің қабырғасында оқып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына ұсынып отыр.
Ерлік Шәкірұлы қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 19 Шілде, 2019
Қазақстанның Эфиопиядағы елшісі тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.