Қазақстан • 19 Шілде, 2017
Тарихтан тәлім алған ел, күнделікті шуақты тіршілікпен тұтасқан ұрпақ, болашағына үлкен үмітпен қарайтын ұлт жер бетіндегі тыныштықтың тұрақты болуын тілейді. Адам өз атамекенінің тұтастығын қалайды, туған елі қашанда, үнемі өркендей берсе екен деп құдыретке жалынады. Шынайыға керегі – мақұл, өмірге жақындатар ақыл, ой өрістетер нақыл. Өсімталдар өркениеттің жұғысты әрі жарасымды болуын қалайды, соған сенеді. Олар ұнамды ой-тоқтамымен, берілген ісімен көңілін де, өмірін де ұзартады. Өмір сүріп отырған заманына, болашағына үлкен үміт артады. Тәуелсіз Қазақстанда ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформаны біртұтас жалғастырудың, билікті демократияландыруды әрдайым реттеудің, қоғамдық үдерістердің жаңа, күрделі мәселелерін тыңғылықты шешудің қоғамдық қажеттілігі артуда. Ұлтжандыларда туған жердегі өмірге деген тура, тұтас көзқарас, сырластық пен сыйластық үлгілері тез қолдау табады.
Қазақстан • 19 Шілде, 2017
«Менің арманым» байқауы басталады
Орталық коммуникациялар қызметінде «Менің арманым» байқауының басталуына байланысты баспасөз мәслихаты болып өтті. Жиынға Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірасылов, «Рухани жаңғыру» жобасы басқармасының басшысы Арман Евниев, «SUCCESS K» стратегиялық байланыстар жөніндегі агенттігінің бас директоры Ләззат Көккөзова қатысты.
Қазақстан • 19 Шілде, 2017
Эрен ХАЛИТ: Рухани жаңғыруға біз де үлес қосамыз
Ислам әлеміндегі жазу-сызу өнерінің бірі – құсни хат немесе каллиграфия. Бұл өнер Кеңес Одағы тұсында ұмыт қалған еді. Тәуелсіздік алғалы аталған салаға көңіл бөлгендер саны артты. Астана қаласында өткен каллиграфия көрмесі – соның дәлелі іспетті. Аталған шараны Түркияда орналасқан Ислам тарихы, өнер және мәдениет ғылыми-зерттеу орталығы («IRCICA») мен Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы бірлесе ұйымдастырған-ды. Көрмеге алыстан ат терлетіп келген «IRCICA»-ның бас директоры Эрен Халитпен сұхбаттасудың сәті түскен еді.
Аймақтар • 19 Шілде, 2017
Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауы негізінен бизнестің өрісін өсіруге бағытталған. Кәсіпкерліктің көкжиегін көтеру ісі де осы қатарда тұр. Биылғы Жолдаудың басты өзгешелігі – бұл мәселелердің әлемдік ауқымдағы бүгінгі заманғы үрдістермен тығыз ұштастырылуында. Бүгінгі күні жаһандық нарықтың коньюнктурасы секірмелі сипат алуда. Әлемдік деңгейдегі экономиканың құрылымдары терең өзгерістерге тап болуда. Оның басты себептерін мүлдем тың, тосын, жаңа технологиялардың енгізілуінен іздеуге болатын секілді. Ақтөбе облысы кәсіпкерлері палатасының директоры Нұрлыбек МҰҚАНОВПЕН тілшіміздің әңгімесі осындай бағытта өрістеді.
Қазақстан • 19 Шілде, 2017
Стратегиялық мақсаттар орындалады
Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы экономикамызды жаңғыртумен қатар, кәсіптік ортаны дамыту шарттарын жақсартатыны, сондай-ақ, макроэкономикалық тұрақтылық пен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етері анық. Мәселен, Жолдаудағы төртінші басымдық – адами капиталды жетілдіру өте маңызды. Ал бесінші басымдық ретінде институттық өзгерістерді, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері нақтыланған.