Қазақстан • 19 Шілде, 2017

«Менің арманым» байқауы басталады

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде  «Менің арманым» байқауы­­ның басталуына байланысты баспасөз мәслихаты болып өтті. Жиынға Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірасылов, «Рухани жаңғыру» жобасы басқармасының басшысы Арман Евниев, «SUCCESS K» стратегиялық байланыстар жөніндегі агенттігінің бас директоры Ләззат Көккөзова қатысты.

«Менің арманым» байқауы басталады

Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірасыловтың айтуынша, байқауға қатысу үшін өтінімдер 20 шілде мен  1 қыркүйек аралығында байқаудың ресми сайтында (www.meninarmanym.kz) қабылданады. Және оған 14 пен 29 жас аралығындағы орта мектептің жоғары сынып оқушылары, колледж бен кәсіптік-техникалық мектеп оқушылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ЖОО-ның студенттері, жас жаңашылдар қатыса алады. 
«Бұл жоба  Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала­сында көрсетілген идеяның іс жүзінде іске асырылуы болып табылады», деді Болатбек Әбдірасылов.


Айта кететін тағы бір жайт, байқауға қатысу тегін. Және жобаларды ақпараттық, білім, технологиялық, экология және әлеуметтік-мәдени бағыттар бойын­ша жолдауға болады. Спикерлердің сөзінше, бірегей әрі қоғамға пайдалы әлеуметтік жоба ұсынған үміткер жүлдегер болып табылады. Қоғам қайраткерлері, саясаткерлер мен кәсіпкерлерден құралған қазылар алқасы 1 ай бойы келіп түскен жұмыстарды саралап, жоба жеңімпазын анықтайды. Байқауда бағы жанған жеңімпаз 5 000 000 теңгені иеленеді.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»