Аймақтар • 24 Шілде, 2020
Шығыс Қазақстанда малдың құтырма ауруының таралу қаупі жойылды - АШМ
Шығыс Қазақстан облысы Багратион ауылдық округінің Привольное ауылында соңғы он күнде мал өлімі тіркелген жоқ, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.
Қазақстан • 24 Шілде, 2020
Қазақстан Армия халықаралық ойындарына қатысады
Биыл Қазақстан 2020 жылы өтетін Армия халықаралық ойындарында "Танк биатлоны" конкурсына қатысуымен шектелетін болады. Қазақстандағы орын алған эпидемиологиялық және қатысушы елдердегі орын алған жағдайларға қарай Қорғаныс министрлігінің басшылығы осындай шешімге келді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Коронавирус • 24 Шілде, 2020
COVID-19: Вакцина байларға да, кедейлерге де бірдей бұйырады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы вакцинаға байланысты мәлімдеме жасады. Екпе 2021 жылдан егіле бастайды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Шілде, 2020
1,6 млн-ға жуық қазақстандыққа 42 500 теңге берілді
24 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданды. Төлем 1 млн 661 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 594 мың қазақстандыққа аударылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 24 Шілде, 2020
Мемлекеттік қызметшілердің көпшілік алдында қазақша сөйлеу қабілеті сыналады
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы қазақ тілінде тестілеудің жаңа форматын дайындап жатыр", - деп хабарлайды Egemen.kz.