Коронавирус • 24 Шілде, 2020

COVID-19: Вакцина байларға да, кедейлерге де бірдей бұйырады

37 рет көрсетілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы вакцинаға байланысты мәлімдеме жасады. Екпе 2021 жылдан егіле бастайды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазір ұйым екпені әлем бойынша қолжетімді ету бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. "Вакцина байларға да, кедейлерге де бірдей бұйырады", - деп баса айтты халықаралық ұйым мамандары.

Сондай-ақ, ұйым өкілдері коронавирустың ауыр түрімен ауырған науқастардың тез оңалуына көмектесетін кеңес әзірледі. Оңалту жаттығулары демікпені тоқтату, физикалық жаттығулар, сөйлеу мен жұтыну функцияларын қалпына келтіру және сырқаттан кейінгі психологиялық қиындықтарды  жеңуге көмектеседі.

28 беттен тұратын кеңестер тізімінде  физикалық күйіңізді анықтауға көмектесетін жаттығу бар. Егер тұтас сөйлемді үзбей, бір деммен айтып шыға алсаңыз физикалық жүктемені арттыруға болады.

Егер үзіп-үзіп айтсаңыз, жағдайыңыз қалыпты, жаттығуларды жалғастыра беріңіз дейді мамандар. Ал тынысыңыз тарылса жаттығуды тоқтатқан жөн. Алайда бұл кеңестер медициналық оңалту бағдарламасын толық  алмастыра алмайды, тек сеп болады дейді денсаулық сақтау ұйымы.

Соңғы жаңалықтар

Ертең Үкімет отырысы өтеді

Үкімет • Бүгін, 15:17

Нұр-Сұлтан «сары аймаққа» қайта енді

Коронавирус • Бүгін, 10:41

Қазақстанда ломбардтар жабылады

Экономика • Бүгін, 10:30

Бүгін 1 наурыз – Алғыс айту күні

Руханият • Бүгін, 09:13

Жұптық сында топ жарды

Спорт • Бүгін, 06:55

Жамбыл жылы жырлайды

Руханият • Бүгін, 06:53

Алты медальмен оралды

Спорт • Бүгін, 06:52

«Металлургпен» бақ сынайды

Спорт • Бүгін, 06:51

Алғыс гимні шырқалды

Аймақтар • Бүгін, 06:48

Ұқсас жаңалықтар