Оқиға • Кеше

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арыс – Шардара тас жолында жасөспірімдер мінген көлік апатқа ұшырап, қайғылы жағдай тіркелді, деп жазады Egemen.kz.

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды

Фото: Pixabay.com

Otyrar телеграм арнасының хабарлауынша, 22 сәуір күні Арыс – Шардара автожолы бойында Chevrolet Cobalt жеңіл көлігі мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысқан.

Апат салдарынан жеңіл көліктегі үш жолаушы – мектеп оқушылары оқиға орнында көз жұмған. Ал Chevrolet Cobalt жүргізушісі мен тағы бір жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, көлікте жаттықтырушы мен жарысқа бара жатқан кәмелетке толмаған спортшылар болған. Олар Түркістан қаласына бағыт алған. Сонымен қатар, балаларды тасымалдау туралы уәкілетті органдарға, оның ішінде полицияға алдын ала хабар берілмегені анықталды.

35 млн теңге өтемақы: Алматыдағы жол апатынан зардап шеккен отбасы сот шешіміне наразы

Оқиғаға қатысты жүк көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, балалардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін тиісінше орындамау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Қалған ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды: Екі адам қаза тапты

Соңғы жаңалықтар