Елімізде алғаш рет «жасыл» сенбілік өтеді
Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде елімізде алғаш рет «жасыл» сенбілік өтеді. Оның ерекшелігі, тазалықшылардың қоқыстарды іріктеп жинайтындығында болып отыр. Бұл туралы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Green Heroes» атты халықаралық конференцияда айтылды.
Аймақтар • 12 Шілде, 2018
Еліміздегі ең көне өндіріс ошақтарының бірі деп Алматыдағы машина жасау зауытын айтуымызға әбден болатын шығар. Олай деуімізге зауыттың ғасырға жуық тарихы себеп. Өндіріс бүгінгі күн талабына бейімделіп, жұмысын жалғастырып тұрған зауыт ретінде де ерекшеленеді. Бұл зауыт дәстүрлі KADEX көрмесінің тұрақты қатысушысы ретінде жаңа әлемдегі әскери және қорғаныс өнеркәсібі саласында да әйгілі.
Қазақстан • 12 Шілде, 2018
Ұлттық саябақ: аңыз бен тылсым табиғат
Аңыз айтады, құйрық бауыр жесіп, бесік құда болған екі бай аумағы тай шаптырым жер үшін келісе алмай қалған деседі. Аумағы тайшаптырым ғана болғанымен, талайлардың көз құртына айналған құйқалы жер екен де. Айтысуға тұратын, тартысуға жарайтын табиғаттың тамаша бір тамылжыған мүйісі. Әкелерінің арасындағы дүрдараздықтың салқыны бірін-бірі сүйген қыз бен жігіттің махаббатын сөндіре алмаған. Ақыры үлкендердің тыйым салғанына қарамай, үйлерінен қашып шығып, Көкаралға табан тірепті. Көл ортасындағы Көкарал бірін-бірі өліп-өшіп сүйген екі жасты көкорай шалғынына жасырып, қорғаныш болған екен. Ақ сойылын сүйретіп жоқ іздегендер ат ізін суытпай қаншама сүзіп өтсе де, екі жас олардың көзіне түспеген. Аңыз соңы ғашық жүректердің мәңгілік табысуымен аяқталады.
Қазақстан • 12 Шілде, 2018
Аңыздарға арқау болған киелі өлке
Сырдың орта ағысына кіретін Отырар өңірі туралы аз айтылып, аз зерттеліп жүрген жоқ. Тарихы тереңнен бастау алатын Отырар өңірінде Отырар, Оқсыз, Құйрықтөбе, Көкмардан, Марданкүйік, Алтынтөбе сынды археологиялық ескерткіштермен қатар көптеген ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектеріне арқау болған Арыстанбаб, Найман әулие, Қауған ата, Икрам Ишан сынды тарихи тұлғалар бар. Ел арасында осы өңірде өмір сүрген ғұлама-ғалымдар мен әулиелер туралы аңыз-әңгімелерден тұратын мұралар көптеп сақталған.
Қазақстан • 12 Шілде, 2018
Балаларды бауырластыратын балалар лагері көбейсе игі
Тоғыз ай білім нәрімен сусындап, көктем лебімен түлеп, жадыраған жазға жеткен ұл мен қыз бұдан кейін көзайым болар лагерьде достарымен қатар жүріп демалуды ойлайды. Қазір балалар демалысы жүйелі ұйымдастырылып келеді. Соның әдемі көрінісі, көрікті Көкше өңіріндегі жыл бойы жұмыс істейтін «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы дер едік.