Оқиға • 14 Шілде, 2023
Тәжікстан аумағында жер сілкінді
14 шілдеге қараған түні Алматыдан 823 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Тәжікстанда болған магнитудасы 5,2 жерасты дүмпулері Қазақстанда сезілген жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 14 Шілде, 2023
Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған еңбектер
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен 2023 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі белгілі болды.
Пікір • 14 Шілде, 2023
Тәуелсіздіктің 30 жылында мемлекеттілікті дамыту жөнінде ауқымды шаруа жүзеге асырылды. Бірақ осы уақыт аралығында ат төбеліндей азаматтар ата-бабамыз мұра еткен, мемлекетке, халыққа тиесілі игілікті өзінің меншігіне айналдырды. Жекешелендіру үдерісінің басым бөлігі заңсыз жүргізілді. Сондықтан бұл игіліктерді мемлекетке қайтару – еліміздегі әлеуметтік әділеттілікті қалыптастырудағы ең маңызды фактор.
Қоғам • 14 Шілде, 2023
«Дикий Арманның» қылмыстық тобын әшкерелеу үшін үш арнайы операция жүргізілді
ІІМ-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Бас прокуратураның үйлестіруімен жетекшісі қаңтар оқиғасына белсенді қатысқан Арман Жұмагелдиев болып табылатын ұйымдасқан қылмыстық топты әшкерелеуге және жоюға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Пікір • 14 Шілде, 2023
«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға Президент қол қойды. Бүгінгі таңда қолданыстағы заңнама заңсыз мүлікті қылмыстық процестік және әкімшілік процестік тәртіппен ғана қайтаруға мүмкіндік береді.