Аймақтар • 14 Шілде, 2017
Солтүстік Қазақстанда бірқатар азық-түлік өнімдері қымбаттады
Жұртшылық бірінші кезекте қажет ететін жарма, жеміс-жидек, өсімдік майы, тағы басқа азық-түлік тағам түрлері бағасының өскені байқалады.
Аймақтар • 14 Шілде, 2017
Қостанай қалалық ішкі істер басқармасында ашық кабинеттер пайда болды
Қостанай қалалық ішкі істер басқармасында енді тергеушілер ашық кабинеттерде жұмыс істейтін болды. Тергеу қызметкерлері жұмыс істейтін кабинеттердің барлығына тәулік бойы не болғанын анық көрсететін бақылау камералары орнатылды. Қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғандардың туыстары мен жақындары олардың қалай тергелгендігін осы камерадан тексере алады.
Футбол • 14 Шілде, 2017
ЧЛ: «Астана» келесі кезеңде польшалық«Легия» командасымен ойнауы мүмкін
Бүгін Швейцарияда Чемпиондар лигасының үшінші кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті.
Бокс • 14 Шілде, 2017
Ертең Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) жетінші маусымдағы финалдық жекпе-жегі өтеді. Жобаның финалына қазақстандық «Астана арландары» мен кубалық «Куба қабыландары» шықты. Аталған екі клуб бұған дейін жобаның екі дүркін жеңімпазы атанған. «Астана арландары» 2013 пен 2015 жылдары әлемнің теңсіз командасы атанса, «Куба қабыландары» 2014 және 2016 жылы чемпион болған. Яғни, ертең екі команданың бірі – WSB сериясының үш дүркін чемпионы атанды.
Аймақтар • 14 Шілде, 2017
Ж. Түймебаев: Елбасы мақаласы — рухани жаңғырудың жарқын жолы
Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындаған қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті.