ЭКСПО-2017 • 13 Шілде, 2017
«Жасыл көпір» арқылы «Жасыл технология» орталығына жетеміз...
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қалашығы аумағында «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы» халықаралық форумы басталды. Екі күнге жалғасатын шарада «жасыл экономика» саласында технологиялар, халықаралық тәжірибемен алмасу, даму мен бизнесті көгалдандыру мәселелері талқылануда.
Қазақстан • 13 Шілде, 2017
25 жыл бұрын, 1992 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Тәуелсіз мемлекеттің дербес арнайы құрылымы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды.
Футбол • 13 Шілде, 2017
«Астана» Чемпиондар лигасындағы ойынын жеңіспен бастады
Елордалық «Астана футбол клубы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі бірінші ойынын сырт алаңда өткізіп, Латвияның «Спартак» командасын 1:0 есебімен ұтты. Ойындағы жалғыз жеңіс голын 73-минутта Патрик Твумаси соқты.
ЭКСПО-2017 • 13 Шілде, 2017
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Германия ұлттық күні мерекеленді. Шара барысында әйгілі пианист Йоя Вендт көпшілікті өнерімен тамсандырып, қошеметіне бөленді. Концертте Астанадағы «Pasch» мектебінің хоры мен баварлық үрмелі аспаптар музыкалық қауымдастығының өкілдері де өнер көрсетті.
Бокс • 13 Шілде, 2017
Атланта Олимпиадасының чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері, кәсіпқой бокстан IBF және WBA тұжырымдары бойынша әлемнің экс-чемпионы Василий Жировтың есімі ел жадынан өшпек емес. Тәуелсіз Қазақстанның бокстан тұңғыш Олимпиада чемпионы ретінде оның ататегі спорттағы тарихымызға алтын әріптермен жазылып қалды. Ал, Жировты Жиров еткен сұңғыла бапкер Александр Иванович Апачинскийдің жөні тіпті бөлек. Майталман жаттықтырушы өмірден озғалы да үш жарым жыл өте шығыпты. Төрт жыл бұрын Балқашқа жол түскенде кездестіріп, жарықтықпен екеуара бірталай әңгіме шертіп едік. Біраз уақыт жанында жүріп, үйінде болып, дастарқанынан дәм таттым. Сол кезде көңілге түйіп, қағазға түскен жазбаларым бар еді. Соларды жариялап, елімізге еңбегі сіңген бапкер туралы естелікті қайта жаңғыртудың сәті енді түсіп отыр.