ЭКСПО-2017 • 13 Шілде, 2017

Алмания «ақылды үйлер» ұсынды

377 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Германия ұлт­тық күні мерекеленді. Шара барысында әйгілі пиани­ст Йоя Вендт көпшілікті өнерімен тамсандырып, қо­ше­метіне бөленді. Концертте Астанадағы «Pasch» мек­тебінің хо­ры мен баварлық үрмелі аспаптар музыкалық қау­ым­дастығының өкілдері де өнер көрсетті.

Алмания «ақылды үйлер» ұсынды

Басқосудың ресми бөлімінде елі­міздің Инвестициялар және да­му министрі Жеңіс Қасымбек Ге­р­ма­ния өкілдерін ұлттық күнімен құт­тықтап, жылы лебізін жет­кіз­ді. Содан кейін ЭКСПО көр­месінің осы күнінің басты қо­нағы Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер сөз сөйледі. Ол халықаралық шара ғи­мараттарының футуристік бағытта салынғанын айтып, бұл Қазақстанның болашаққа де­ген жоғары ұмтылысын біл­ді­ретінін әңгімеледі. Сондай-ақ, Германия көрме барысын­да «жасыл» технологиялар са­ла­сындағы тәжірибесімен бө­лісетінін атап өтті. «Елімізде бү­кіл электр энергия көлемінің үштен бірі жаңғыртылатын қуат көз­дерінен өндіріледі. Біздің тех­нологиялық тәжірибеміз мол. Бұл біздің жетістігіміз және оны ЭКСПО көрмесінде баршаға көрсеткіміз келеді», деді Франк-Вальтер Штайнмайер. 
Мәртебелі мейман Қазақ­стан­­дағы маңызы жоғары көр­ме­нің қонақтары саны көп болуын және олардың шараға кө­ңілі толуын тілеп, ыстық ықы­ласын білдірді. «ЭКСПО пі­кір­талас пен идеялар ортасына, үздік шешімдердің бәсеке ала­ңына, келісімдер жасалатын қалашыққа айналатынына се­немін. Біз Қазақстанмен ортақ мақ­саттарды бөлісіп отырмыз, ен­ді сіздердің жетістіктеріңізбен де бөліскіміз келеді. Елдеріміздің  болашағы зор болып, тұрақты энергетикаға жетейік», деді Германия президенті.
Жиын Германия павильонында неміс бейне әрі медиа суретшісі Макс Хаттлердің туындылары қойылған көрмемен жалғасты. Олар төл мерекелерін 16 шілдеге дейін атап өтпек.
Неміс халқы көрмеде екі жә­не төрт дөңгелекті электр кө­лік­тері мен қуат өндіре алатын «ақылды үйлер» секілді бірнеше жоба ұсынған.