Аймақтар • 15 Шілде, 2019
Арыс маңындағы елді мекендерге 100 мың теңгеден беріледі
Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты 100 мың теңге өтемақы беру бойынша түрлі сауалдар туындауда. Көрші елді мекен тұрғындарынан сұрақтар келіп түсуде. Өтемақы алатын елді мекен тұрғындарының тізімі бекітілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 15 Шілде, 2019
Ұлттық арна Абай өлеңдерін оқу эстафетасын «Egemen Qazaqstan» ұжымына жолдады
Абайдың 175 жылдығына орай басталған жыр эстафетасын «Qazaqstan» ұлттық арнасының ұжымы «Хабар» телеарнасындағы әріптестерінен қабыл алды.
Қоғам • 15 Шілде, 2019
Борыш жүктемесін азайту: Кімдердің берешегі кешіріледі?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 26 маусымда өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтардың борыш жүктемесін азайтып, оларға уақтылы көмек көрсету мақсатында №34 Жарлыққа қол қойғалы бері ел арасында қауесет желдей есті. Көпшілік қауым кімдердің борышы қанша мөлшерде кешірілетінін нақты білмей дал. Мемлекет басшысының Жарлығын жүзеге асыру бойынша қазірге дейін қандай жұмыстар тындырылды? Осы сұрақтар негізінде туындаған мәселелерге біз де жауап іздеп көруге тырыстық.
Саясат • 15 Шілде, 2019
«Elorda Aqparat» ұжымына жаңа директор тағайындалды
Осы уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет атқарған Жарқын Жұмаділов «Elorda Aqparat» ЖШС директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Аймақтар • 15 Шілде, 2019
Шығыс Қазақстанда тұңғыш рет гибридті операциялық зал ашылды
Семей қаласындағы Жедел медициналық жәрдем ауруханасында гибридті хирургиялық операциялар үшін жаңадан ашылған зал жоғары технологиялық зал республикадағы жалғыз кешен болып тұр. Бұл гибридті операциялық залдың ерекшелігі сонда, бұнда мәселен, жол апатына түскен науқасты бірден бірнеше операция түрін жатқызуға болады. Науқастың жүрегіне және басындағы миына ашық тәсілдермен ота жасауға мүмкіндік толық бар.