Экономика • 19 Шілде, 2022
LRT: Тіректер енді «тіріле» ме?
Қазақты қарызға батырып кеткен «Астана LRT» желісі ара-тұра көтерілетін, бірақ түбі көрінбейтін жобаға айналғалы қашан?! Елорданың дамуына қатысты жиын бола қалса, журналистер міндетті түрде осы жобаны еске салмай қоймайды. Қала басшылығы да «түбі бір шешім қабылдаймыз» деп жауап беруден жалықпайды.
Бизнес • 19 Шілде, 2022
Кәсіпкерлердің кредит алуына не кедергі?
Ел экономикасындағы ең шетін, нәзік мәселенің бірі – экономикаға несие берудің жайы. Ірі бизнестің мұртын балта шаппайды, қинайтыны – шағын кәсіптің кредит ала алмай, кідіріп тұрғаны. Шенділер осыған дейін де экономиканы несиелеудің тым баяу жүріп жатқанын арагідік сөз етуші еді. Осы тақырыптың тоқетерін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Қазақстан • 19 Шілде, 2022
44 мың гектар жайылым қайтарылды
Ауылға тіршілік нәрін беріп, әрі қарай гүлденіп, дамуына дәрмен боларлық күретамырдың бірі – жайлы жайылым. Өкінішке қарай, жабайы жекешелендіру кезінде, көбіне, жалпы жұрттың жағдайы ескерусіз қалып, көптеген ауылда жекенің меншігіне өткен жер шеткі үйдің табалдырығына дейін келіп тірелді. Көп жұрттың ауылдан ауа көшуінің де бір себебі осы еді.
Аймақтар • 19 Шілде, 2022
Жаңа зауытта полипропилен өндіріледі
Атырауда жаңа зауыттың іске қосылатын уақыты таяп келеді. Бұл – полипропилен шығаратын зауыт. Оның негізгі құрылысы былтыр желтоқсан айында аяқталған. Мұнда бастапқы кезеңде машина жасау, медицина, тұрмыстық техника мен құбырлар өндірісінде жиі қолданылатын полипропиленнің 11 түрін шығару көзделген. Кейін өнім түрі 65-ке дейін көбейеді.
Аймақтар • 19 Шілде, 2022
10 мың үйді электр қуатымен қамтиды
Қазақстан үшін күн мен желден энергия өндіру басты басымдықтың біріне айналған. Жалпы, еліміздің әлеуеті бүгінде қолданып отырған барлық энергия мөлшерінен әлденеше есе көп екені мәлім...