Пікір • 10 Шілде, 2023
Президент «Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы» Заңға қол қойды. Жаңа заң онлайн платформалар мен жалпы масс-медианың дамуына тың серпін береді деп сенеміз.
Қоғам • 10 Шілде, 2023
Адалдық – құтты қоғамның темірқазығы
Қасиетті Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдағы қордаланған мәселелерге жан-жақты тоқталып, соның ішінде руханият саласына қатысты пайымды пікірлерімен бөлісті.
Білім • 10 Шілде, 2023
5 шілдеде негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды. ҰБТ электронды форматта 43 тестілеу орталығында өтті. Биыл сынақты тапсыруға екі мүмкіндік беріліп, талапкер ең жақсы нәтижесін грант конкурсына жолдай алды.
Қоғам • 10 Шілде, 2023
Kitap Fest – кемелденуге қадам
Жаңа ғасырдың адамзатқа сыйлаған игілігінің бірі заманауи техниканың озық жетістіктері деп марқайсақ та, сол табысты шектен тыс асыра пайдалану адамды өзінен өзін алыстатып жатқанын да мойындауға тиіспіз. Себебі бар назары гаджетке бұғауланған бүгінгінің адамының құндылығы да, құндылыққа деген көзқарасы да түбегейлі өзгерген. Сондайда сырласқа сусаған жаныңды кітаптан іздеуің де қалыпты жайт. Ұлы Толстойдың: «Жақсы кітап – ақылды адамның әңгімесімен бірдей» деген ойы қалай қалтқысыз айтылған дейсің дәл осындай көңіл күй үстінде тұрып. Ал өткен демалыста өткен Kitap Fest халықаралық кітап жәрмеңкесіне жиналған жұрттың қарасы адамның кітап оқу мен ішкі рухани кемелденуге деген құлшынысын ешқандай жарқ-жұрқ техниканың алмастыра алмайтынын тағы бір мәрте мойындатқандай.
Елорда • 10 Шілде, 2023
Астанада тағы бірнеше көше уақытша жабылды
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Кенесары көшесінде жол төсеміне жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.