Елорда • 10 Шілде, 2023

Астанада тағы бірнеше көше уақытша жабылды

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Кенесары көшесінде жол төсеміне жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада тағы бірнеше көше уақытша жабылды

Жұмыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізілуде.

Орташа жөндеу жұмысына байланысты 14-16 шілде аралығында Кенесары көшесінің А.Янушкевич көшесінен Е.Брусиловский көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Сондай-ақ LRT желісі құрылысының аумағын дайындау шеңберінде Сығанақ көшесінің бойында Министрліктер үйі мен «Қазақстан» ОКЗ ауданында инженерлік желілерді қайта орнату жұмысы жүріп жатқаны қоса хабарланды.

Осыған байланысты 2023 жылдың 10 шілдесінен 15 тамызына дейін Сығанақ көшесінен Есіл өзені арқылы өтетін көпір ауданында «Қазақстан» ОКЗ және Министрліктер үйі жағына қарай көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», делінген хабарламада.