Аймақтар • 12 Шілде, 2019
БҚО-ға 389 жоғары білімді дәрігер керек
Батыс Қазақстан облысына жоғары медициналық білімді 389 маман жетіспейді. Әсіресе жалпы тәжірибелік дәрігер, акушер-гинекология мамандары, анестезиология, реаниматология және кардиология саласының дәрігерлері қажет. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айзада Шүкірғалиева хабарлады.
Қоғам • 12 Шілде, 2019
Арыстағы апат салдарын жоюға байланысты қайырымдылық шаралары жалғасын табуда. Болат Өтемұратов қоры күнгейдегі 100 отбасының бүлінген баспаналарын қайта тұрғызуға 760 млн теңге бөлді.
Аймақтар • 12 Шілде, 2019
Ақжайықта ауыл спорты дамып келеді
«Тәні саудың – жаны сау» дейді халқымыз. Бірақ тән саулығы өзінен-өзі келмейді. Адам баласы саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысып, сергек қалпын сақтауы үшін мемлекет тарапынан соған сәйкес ұйымдастыру жұмыстары, үгіт-насихат та керек-ақ. «Ақжайық өңірінде Елбасының бұқаралық спортты дамыту, саламатты өмір салтын насихаттау туралы тапсырмасын іске асыру арқылы дені сау ұлт қалыптастыру жөніндегі тапсырмалары жақсы жүзеге асырылып келеді», дейді Батыс Қазақстан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева.
Аймақтар • 12 Шілде, 2019
Еуропалық мотошабандоздар Қазақстанның табиғаты туралы фильм түсіреді
Алматыда КТМ мотомектебінде өткен кездесуде испаниялық әлем чемпионы Джозеп Гарсия және шетелден келген басқа да спортшы-саяхатшылар оңтүстік астанаға келудегі жоспарларымен бөлісті. КТМ командасының мотошабандозы, Эндуро E1 2018 бойынша екі дүркін Испания чемпионы Қазақстанның көрікті табиғи орындарында аралауға келіп отыр. Бұл тур «Kazakh Tourism» ҰК АҚ қолдауымен өткізіп отыр.
Әлем • 12 Шілде, 2019
Асқар Мамин Тәжікстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру бойынша келіссөздер жүргізді
Премьер-Министр Асқар Мамин ресми сапармен Тәжікстан Республикасына барды. Бұл туралы деп primeminister.kz хабарлады.