Аймақтар • 12 Шілде, 2019

Еуропалық мотошабандоздар Қазақстанның табиғаты туралы фильм түсіреді

291 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда КТМ мотомектебінде өткен кездесуде испаниялық әлем чемпионы Джозеп Гарсия және шетелден келген басқа да спортшы-саяхатшылар оңтүстік астанаға келудегі жоспарларымен бөлісті. КТМ командасының мотошабандозы, Эндуро E1 2018 бойынша екі дүркін Испания чемпионы Қазақстанның көрікті табиғи орындарында аралауға келіп отыр. Бұл тур «Kazakh Tourism» ҰК АҚ қолдауымен өткізіп отыр.

Еуропалық мотошабандоздар Қазақстанның табиғаты туралы фильм түсіреді

Енді танымал спортшының қазақ елімен таныстығы қалай басталды және осы сапарының қыр-сырына қанығу мақсатында төмендегі мәліметтерге зер салып көрелік:

«Өмірде бір нәрсе екінші бір нәрсеге себепкер боп жататыны бар! Сонау, Expo 2017 Астана көрмесінің ашылу салтанатында Испаниядан Андреа Беренд есімді тұрғын тікелей толқынға қосылған еді. Оған Қазақстан бірден ұнаған. Тікелей байланыс кезінде өзінің жанұясы және испандық достарымен келуге ықыласты екендігін білдіреді. Міне, араға жыл салып ол тілегі жүзеге асады. Жолдасы Флориан Беренд   балаларымен қоса, эндуро экстрималды спортынан испандық жаттықтырушы Джозеп Гарсиямен бірге Қазақстанға келіп отыр.  Міне, солай эндуро спортының жарық жұлдызы қазақ жеріне табан тіреді».

Бұл эксурсияға демеуші болған Exponential Group компаниясы тур аясында белгіленген аймақтың барлық жерін түсіріп, Қазақстанның сұлу табиғатын паш ететін шағын фильм дайындайды.

Спортшы Қазақстанға сапары туралы бөліскенде қызығушылық танытып, таңданысын білдіргендер көп болған екен.  қызығушылығын мен таңданғандар көп.  Ал осы сапар туралы шешім қабылдағанымызда, жұбайы ғажайып мекенді таныстыру мақсатында фильм түсіру туралы ұсыныс тастапты. «Баршамызды Қазақстанның табиғаты таңдандырады» деген әсерімен бөліскен турды ұйымдастырушы әрі демеуші компания негізін қалаушы мотошабандоз Флориан Беренд бұл сапардың ерекше  болатындығына зор сенімін білдірді.



АЛМАТЫ