Экология • 13 Шілде, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ел көлемінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатқаны белгілі. Жұрт болып жұмыла кіріскен жұмыс бүгінде шын мәнінде елдік сипаты бар игі іске айналып үлгерді. Соның бір куәсі – «Игі істер марафоны» жобасы.
Саясат • 13 Шілде, 2024
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ депутат БРИКС-тің Х Парламенттік форумының қорытынды жиындарына және ТМД елдерінің Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысты. Іс-шара барысында Достастық елдерінің депутаттары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, ТМД ПАА-ның 2023 жылғы жұмысын қорытындылады.
Саясат • 13 Шілде, 2024
Алматыда Қазақстан мен Өзбекстан Премьер-министрлері Олжас Бектенов пен Абдулла Ариповтің төрағалығымен екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен Үкіметаралық комиссияның 21-отырысы өтті.
Қазақстан • 13 Шілде, 2024
Гүлнәр Бижанова: Бизнес әділеттілікке арқа сүйейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесуінде: «Мемлекет бизнестің дамуы үшін барынша қолайлы жағдай жасайды және жекеменшіктің толық қорғалуын қамтамасыз етеді. Мемлекет кәсіпкерлерге көмектесуге міндетті. Мұны ерекше атап өткім келеді: кәсіпкерлерге көмектесу керек», деген болатын. Осы орайда қадағалаушы органдар мен бизнес арасындағы қарым-қатынас қандай деңгейде? Президент айтқандай, өзара теңқұқылы серіктестік орнаған ба? Біз «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Гүлнәр БИЖАНОВАМЕН болған сұхбатымызда осы сұрақтардың жауабын білуге тырыстық.
Экономика • 13 Шілде, 2024
Екібастұз жылу орталығының тағдыры не болады?
Екібастұз жылу-энергия орталығының (ЖЭО) акционерлері Александр Клебанов пен Сергей Кан жалпы құны 3,7 млрд теңге тұратын мүліктерді Екібастұз қаласы әкімдігінің балансына өткізді. Бұл – жылу стансасындағы мүліктерді қаланың коммуналдық меншігіне берудің екінші «траншы». Әкімдік өз кезегінде кәсіпорынды «Самұрық-Энергоға» сенімгерлік басқаруға беріп отыр.