Бизнес • 13 Шілде, 2024
Атырау, Алматы, Қызылорда тәрізді балық шаруашылығы дамыған өңірлердің қатарына Қостанай облысы қосылатын күн де алыс емес сияқты. Бұған біраздан бері бағалы балық өсіруді қолға алып, оны тиімді табыс көзіне айналдыруды көздеп отырған «Қостанай бекіресі» серіктестігі айқын дәлел бола алады.
Экономика • 13 Шілде, 2024
1993 жылы Қытайдан атажұртқа оралған Дәурен Халмет нарық беталысын байқап, кенжелеп тұрған жабысқақ таспа өндірісін бастауға бел буады. Әдепкіде бұл тауарды Қытайдан тасымалдап сатуды жүзеге асырса, біртіндеп дербес өндіріс ашуды қолға алады. 2004 жылы квазисектордағы қаржы институттарынан жеңілдетілген пайызбен несие алып, бизнесін әртараптандыруға жұмсады. 2016 жылы Алматы қаласындағы индустриалды аймаққа алғашқылардың қатарында резидент болып кірді.
Қазақстан • 13 Шілде, 2024
Ынтымақтастықтың артуына мүдделіміз
Биыл ақпанда Қазақстан мен Үндістан арасында дипломатиялық байланыс орнағанына 32 жыл толды. Бүгінде қос мемлекеттің тауар айналымы өңірдегі басқа елдердің Үндістанмен арадағы тауар айналымының жиынтық көлемінен асып түседі. Жуырда БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК, «Орталық Азия – Үндістан диалогі» секілді ірі халықаралық ұйымдарда өзара әріптес ел – Үндістан Республикасының Қазақстандағы елшісі Нагендра ПРАСАДПЕН сұхбаттасқан едік.
Қоғам • 13 Шілде, 2024
Бірнеше жыл бұрын еліміздің әр қиырында «Бәлен ауыл алкогольдік ішімдіктен бас тартты» деген ақпараттар жиі жариялана бастаған еді. Сол кезде «Бұл бір науқандық әңгіме шығар» деген сөз де аз айтылған жоқ. Тіпті көпшілік дерек таратқан жұртты «пиар қуып кетті» деп іштей айыптаған да еді. Бірақ сол кездегі игі бастаманың нәтижесін енді көре бастаған сияқтымыз.
Қоғам • 13 Шілде, 2024
«Оңтүстік Қазақстан» газетінде Шымкент қалалық мәслихат сессиясының 1998 жылғы 28 қаңтардағы №271 шешімімен қала көшелеріне бір топ мемлекет және қоғам қайраткерінің, ұлтымыздың танымал тұлғалары мен ақын-жазушының есімін беру туралы шешімі жарияланған болатын. Осы шешімге сәйкес «Самал-1» шағын ауданының №14 көшесіне қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асқар Сүлейменовтің де есімі берілуге тиіс еді.