Қоғам • 13 Шілде, 2024
Режиссер Аруан Анартайдың «Joqtau» дебюттік фильмі Locarno Film Festival халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына енді. Швейцария кинофестивалі – ең беделді өнер додаларының бірі және әлемдік киноиндустриядағы ықпалы зор бестіктің қатарында.
Әдебиет • 13 Шілде, 2024
Қайбір шығарманың түбіріне үңілсек, қайнар бұлағы Шығысқа тіреліп жатады. Көне үнді, Мысыр, Қосөзен, араб-парсы өркениеті дүние жұртшылығына жаңа көзқарас сыйлағаны талассыз ақиқат.
Әдебиет • 13 Шілде, 2024
Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған «Бопай ханым» романы – шоқтығы биік жазушы Мәди Айымбетовтің шығармашылығындағы бедерлі белес. Қазіргі заманғы әдеби канондарды терең меңгерген туындыгер бұл кесек шығармасына үлкен дайындықпен келгенін романды оқи бастаған сәттен аңғарасыз. Халықтың көкейінен шығатын туынды тек ізденістен, тек сындарлы көзқарастан туатынын роман айғақтаудай-ақ айғақтайды.
Ең қысқа әңгіме • 13 Шілде, 2024
Уақыт өзгерді ме, әлде адам өзгерді ме – бүгінде адами асыл құндылықтарға көп мән бермейміз. Біздің бала күніміздегідей ел ішіндегі жағымсыз әдетті, әдепсіз қылықты бірден тыйып тастайтын үлкендер жоқтың қасы. Қазір әркім өз білгенімен, өз түсінігімен өмір сүреді. Әсіресе қалада ұятты белден басып жүретіндер көбейген секілді. Оның себебі де бар. Ауылда бәрі таныс. Кімнің не істеп, не киіп жүргені алақандағыдай көрініп тұрады. Ал қаланың жөні бөлек. Мұнда ешкім ешкімді танымайды және оған назар да салмайды. Әркім өз тірлігімен әуре. Сондықтан қалаға келген жастар «тәйт!» деп отыратын әке-шеше болмағаннан кейін «өзім білемге» салынады.
Өнер • 13 Шілде, 2024
Әлібай Бапанов пен Сәуле Бапанованың авторлық ұжымымен орындалған «Көшпенділер фрескалары» киізден бастырылған паннолары мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа лайықты ерекше жұмыстар. Шығармашылық жолы бір арнаға тоғысқан отбасылық жұптың есімдері бүгінде өнерсүйер қауым арасында өте жақсы танылған. Отандық бейнелеу өнерінің өркендеп дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан суретшілер Әлібай мен Сәуле Бапановтар ана сүтімен дарыған киелі өнер арқылы қазақ халқының болмысын өзге елдерге танытып жүрген жарқын тұлғалар.