Тағайындау • 11 Шілде, 2019
Алматы қаласы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметіне Талғат Сәрсенбаев тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Аймақтар • 11 Шілде, 2019
Қостанай облысы Арыс қаласындағы үйлерді жөндеуге кірісті
Арыстағы трагедиядан зардап шеккендерге еліміздің түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек көрсетіліп жатыр. Еліміз жұдырықтай жұмылып, арыстықтармен қиындықты бірге бөлісті. Одан Қостанай облысы да шет қалмады. 2019 жылы 27 маусымда Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен хабарласып, барлық жағдайды, керек-жарақты білгенін айтқан болатын. Қостанай облысы отандастарға бүлінген үйлерді қалпына келтіруге көмектесетініне дайын екенін білдірген. Біздің өңіріміздің делегациясы Қазақстанның оңтүстігіне барып, жұмыс көлемін анықтап қайтты.
Аймақтар • 11 Шілде, 2019
БҚО-ға 389 жоғары білімді дәрігер керек
Батыс Қазақстан облысына жоғары медициналық білімді 389 маман жетіспейді. Әсіресе жалпы тәжірибелік дәрігер, акушер-гинекология мамандары, анестезиология, реаниматология және кардиология саласының дәрігерлері қажет. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айзада Шүкірғалиева хабарлады.
Әлем • 11 Шілде, 2019
Бүгін Витебскіде «Славян базары» байқауы салтанатты түрде ашылады
«Славян базары» XXVIII Халықаралық өнер фестивалі салтанатты түрде бүгін Жазғы амфитеатрда ашылады. Бұл туралы БЕЛТА хабарлады.
Аймақтар • 11 Шілде, 2019
Түркістанда медициналық көмек көрсету жүйесі жақсарады
Қазіргі таңда Медициналық сақтандыру қорына еліміз бойынша 186,2 млрд. теңге көлемінде жарна аударылған. Жинақталған жарнаның 5,7 пайызы Түркістан облысының үлесіне кіреді. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталып, 2020 жылдан бастап МӘМС шеңберінде көрсетілген қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ. Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев мәлімдеді.