Аймақтар • 11 Шілде, 2019
Үкімет басшысы Арысты қалпына келтіру жұмыстарын апта сайын тексеріп тұрады
Үкімет басшысы Асқар Мамин Түркістан облысына сапары барысында Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. 17 секторды аралап, жөнделіп жатқан үйлер мен әлеуметтік нысандардың құрылысын тексерді. Арысқа осымен екінші мәрте келген Премьер-Министр шаһардағы «Көктем-1», «Көктем-2» ықшам аудандарындағы тұрғын үйлердің, білім беру, денсаулық сақтау мекемелері мен темір жол вокзалы ғимараттарының құрылыс қарқынын көрді. Айта кетерлігі, бүгінге дейін Арыста 551 нысан қалпына келтірілген.
Аймақтар • 11 Шілде, 2019
Арыс қаласындағы дабыл және қауіпсіздік жүйесі жаңартылады
Арыс қаласындағы қауіпсіздік және дабыл жүйесі толығымен жаңартылып, ауыстырылады. Сонымен бірге Түркістан облысының даму бағдарламасы бойынша өңірдегі барлық аудан, қалаларда да осы бағытта жұмыс күшейтіледі. Бұл туралы бүгін Арыс қаласындағы брифингте Түркістан облыстық төтенше жағдай департаментінің басқарма басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Бақытжан Запаров мәлімдеді.
Аймақтар • 11 Шілде, 2019
Алматыда үздік тауар өндірушілер байқауы басталды
Алматыда басталған «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының өңірлік кезеңіне биыл 70-тен астам алматылық компания қатысуда.
Шаңғымен тұғырдан секіруден FIS Кубогы және Құрлықтық FIS Кубогы басталды
Бүгін Щучинск қаласындағы Олимпиадалық даярлау орталығында ерлер мен қыздар арасында шаңғымен тұғырдан секіруден FIS Кубогы және Құрлықтық FIS Кубогының ашылуы өтті. Шараның ресми ашылуына Мәдениет және спорт министрлігі өкілі, Ақмола облысының басқарма басшысы, қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығы басшысы мен Халықаралық шаңғы спорты Федерация өкілі қатысты.
Видео • 11 Шілде, 2019
Ыстықтан сақтанудың қарапайым әдістері (видео)
Бұған дейін Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланған болатын.