11 Шілде, 2019

Шаңғымен тұғырдан секіруден FIS Кубогы және Құрлықтық FIS Кубогы басталды

359 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бүгін Щучинск қаласындағы Олимпиадалық даярлау орталығында ерлер мен қыздар арасында шаңғымен тұғырдан секіруден FIS Кубогы және Құрлықтық FIS Кубогының ашылуы өтті. Шараның ресми ашылуына Мәдениет және спорт министрлігі өкілі, Ақмола облысының басқарма басшысы, қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығы басшысы мен Халықаралық шаңғы спорты Федерация өкілі қатысты.

Шаңғымен тұғырдан секіруден FIS Кубогы және Құрлықтық  FIS Кубогы басталды

Қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығы басшысы Сембеков Мирхаят жарыс қатысушыларын жарыстың ашылуымен құттықтады. «ҚР Мәдениет және спорт министрлігі атынан халықаралық турнир қатысушыларына қош келдіңіздер деймін. Аталған базада біз алғаш рет осындай жоғары деңгейдегі шараны алғаш рет қабылдап отырмыз. Аталған объект барлық халықаралық стандарттарға сай келетінін айтқым келеді. Жоспар бойынша біз бұл базада 4 балалар трамплині мен 300 орынға арналған мектеп-интернат саламыз. Біз шаңғымен жүгіру, биатлон, шаңғымен тұғырдан секіру спорт түрлері бойынша жарыстарды қабылдауға дайынбыз. 

Барлықтарыңызды базада күтеміз. Жарысқа қатысушыларға сәттілік!», деді орталық басшысы. Сонымен қатар, шаңғымен тұғырдан секіру Халықаралық Федерациясының үйлестірушісі Хорст Тилман турнирдің ұйымдастырылуын жоғары бағалады.

«Мен Орталық Азияда дәл осындай спорт объектісінің салынғанына қуанып отырмын. Бұл басы ғана, біз мұнда әлі талай Әлем Кубогі кезеңдері мен Әлем Чемпионаттарын өткіземіз. Осындай нысандарда Олимпиада чемпиондары дайындалады. Сіздерде спорттық әлеуеті жоғары балалар бар, мәселен, Жасөспірімдер арасында өткен Әлем Чемпионатының қола жүлдегері Сергей Ткаченко болашағынан көп үміт күттіретін жігіт», деді халықаралық федерация өкілі. 

Шаңғымен тұғырдан секіруден FIS Кубогі – жыл сайын ұйымдастырылатын халықаралық жарыс. Аталған турнир  Халықаралық шаңғы спорты Федерациясы (FIS) аясында ұйымдастырылады, Әлем Кубогіне іріктеу кезеңінің алғашқы сатысы саналады. 

Шаңғымен тұғырдан секіруден Құрлықтық Кубок – жыл сайын ұйымдастырылатын халықаралық жарыс, Аталған турнир  Халықаралық шаңғы спорты Федерациясы (FIS) аясында ұйымдастырылады, турнир жазғы және қысқы мезгілде де өте береді.  Бұл жарыс Әлем Кубогі кезеңіне іріктелуге мүмкіндік беретін екінші саты саналады. Қажетті ұпай жинаған спортшы Әлем Кубогына қатысуға мүмкіндік алады. 

Щучинск қаласы 11-12 шілдеде алғаш рет әйелдер мен ерлер арасындағы  екі FIS Кубогын К-95 трамплинінде және қос Құрлықтық ФИС Кубогын әйелдер арасында  К-95трамплинінде және ерлер арасында К-125 трамплинінде 13-14 шілдеде қабылдайды. 

Халықаралық жарысқа Аустрия, Германия, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Норвегия, Ресей, Румыния, Словения, Украина, Швейцария және Жапония елінен келген 72 спортшы қатысуда.

Қазақстан құрамасын 15 спортшы бастайды. Қазақстандық спортшылардың халықаралық жарыстардағы ең үздік нәтижелері:

Ткаченко Сергей – FIS Кубогы (Планица) – 1 орын
Ткаченко Сергей (2018 жылғы қысқы Олимпия ойындарының қаиысушысы) – 2019 жылғы Жасөспірімдер арасындағы ӘЧ (Лахти) – 3 орын
Ткаченко Сергей – FIS Кубогы (Саппоро) – 3 орын
Шишкина Вероника – Азия балалары– 1 орын

Сдержикова Валентина – FIS Кубогы (Планица) – 3 орын

Жарыс Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Ақмола облысының әкімдігі, «Ұлттық Олимпиада Комитеті», «Ұлттық Шаңғы Қауымдастығы» және Қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығының қолдауымен өтіп жатыр.