Әдебиет • 11 Шілде, 2024
Серотонин …Ғылымда «лобстер эффектісі» деген термин бар. Су астында шаян тектес бір мақұлқат өмір сүреді. Қазақша атауы жоқ. Ағылшын мен орыс тіліндегі нұсқасы – лобстер. Дүниедегі әр жәндік, әр мақұлқатты адамзатқа мысал етіп жаратыпты шебер Құдай. Лобстер де өзге жаратылыс секілді жар таңдау, жер таңдау, жем таңдау дейтін мәселеге бас қатырады. Сондай кезеңдерде қысқышын қайрап, қаруын сайлап алдынан тағы бір өзі тектес лобстер шығары анық. Сол шақта бұлардың көзінің алдынан бір химиялық сұйықтық бөлінеді. Ол сұйықтықта лобстердің салмағы, күш-қуаты, дене пішімі туралы бүкіл ақпарат бар. Егер екеуі «тепсініп келгенде тең атаның ұлы» екені анық болса, өліспей беріспейтін жекпе-жек басталады. Өмір болған соң бірі жеңіледі. Біздің айтпағымыз – сол жеңілген лобстердің қайғы баяны. Ол өте қатты күйзеліске түсетіні сондай, жеңілісті қабылдай алмаған миы еріп, жоқ болып кетеді де, орнына бәріне көндіккен, баспақшыл жаңа ми өсіп шығады. Ол осы миымен қалған өмірін бұқпантайлап, тас тасалап өткізбек. Дене тұрқы да кішірейіп, әруағы қашқан ердей болады. Тіпті өзінен әлжуаз лобстер келіп түртпектесе де, жорта қашып, мінез көрсетуге рухы жетпейді. Біздің бүгінгі болмысымыз осы «лобстер эффектісін» еске түсіреді. Иә, біз кеше жеңілген ұлтпыз. Жеңілген лобстерміз. Бүкіл ұлттық салт-санамызды сақтаған миымыз еріп, орнына бордай езілген, өзіндегін мансұқ қылатын, өзгенікін мақтан көретін мишық өсіп шыққан…
Көрме • 11 Шілде, 2024
«Астана-Бәйтерек» монументі алдында Астана күніне арналған «Тарих таңдаған Астана!» атты фотоқұжаттар көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Игілікті іс-шараны Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Астана қаласының мемлекеттік архиві ұйымдастырды.
Мәдениет • 11 Шілде, 2024
Таңбалыдан басталған таңғажайып
Дүниежүзілік мұралар картасы деген бар. Жердің асты-үстіндегі асыл мұралар көрсетілген. 2004 жылы соның бетіне тұңғыш рет жартастар «жарылысы» түсті. ЮНЕСКО-ның тізіміне енген аймақтағы алғашқы жартас өнері ескерткіші – «Таңбалы археологиялық ландшафының петроглифтері» атты жаңа нысан пайда болды. Түсінгенге бұл – Қазақстан мен Орталық Азияның мәдени және ғылыми өміріндегі елеулі оқиға еді. Бұған дейін Қазақстан ЮНЕСКО-ға мүше ел ретінде бүкіләлемдік мұра нысанын басқару үшін «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығын құрып қойған.
Күрес • 11 Шілде, 2024
Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының балуандарына тағы бір жолдама бұйырды.
Спорт • 11 Шілде, 2024
Дзюдодан еліміздің ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиынын Испанияда өткізеді. Нұрбол Сүлейменов баптайтын ерлер Францияға аттанады. Ерлер додасында Елдос Сметов (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Нұрлыхан Шархан (100 кг) Париж төрінде белдесуге түседі.