Аймақтар • 09 Шілде, 2019
Шымкентте сәбилерге домбыра тарту етілді
Ұлттық домбыра күніне орай Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы қаладағы перинаталдық орталықтарда «Қасиетті Домбыра» акциясын өткізді. Іс-шарада ассамблея мүшелері шілде айының бірінші жексенбісіне белгіленген ұлық мейрамда бірінші болып жарық дүние есігін ашқан ұл мен қызға ізгі тілек жазылған хат тапсырып, ата-аналарына домбыра мен арнайы сыйлықтар тарту етті. Әрі, домбыраның бұрауын келтіріп, бақытты ата-аналарға күмбірлете күй тартып берді.
Аймақтар • 09 Шілде, 2019
Ақпараттық топ Алматы облысында болды
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ақпараттық топ Алматы облысына сапарға шықты. Биыл сәуір айында Халықаралық «Жанашыр» қоры жанынан құрылған ақпараттық топ жұмысы Талғар аудандық Орталық кітапханасында өткен «Рухани жаңғыру» күні аудан тұрғындарына «Қазақтану», «Өзгерісті өзіңнен баста» тақырыптарында мәдени-ағартушылық лекторийлер, «Буккроссинг», «Букдайтинг», «Таланттарды таныту» іс-шараларын ұйымдастырумен жалғасын тапты. Осы іс-шаралар аясында жергілікті «Аналар алқасы», «Ақсақалдар алқасы» және «Жастар кеңесі» құрылды.
Аймақтар • 09 Шілде, 2019
Непалдық кәсіпкер Шымкентте аквапарк салады
Непалдық миллиардер Шымкентте аквапарк салады. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін тілшілерге Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мәлім етті.
Саясат • 09 Шілде, 2019
Арыста 434 үйге қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді - ҚР ИИДМ
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 09 Шілде, 2019
Минск тұрғындары Қазақстаннан әкелінген өнімдерден алғаш рет дәм татты
Биылғы 3-5 шілде аралығында Минскіде қазақстандық азық-түлік өнімдерінің көрмесімен қатар Беларусь-Қазақстан Іскерлік кеңесінің отырысы өтті.