Қазақстан • 06 Шілде, 2024
Бүгінде Астана жаһанға бейбітшілік алаңы, меймандос қала ретінде танылды. Бұған қоса шаһар әлемнің бірінші көшбасшылары жиналатын, мемлекетаралық мүдделерді тоғыстырған, геосаяси тұрақсыздықты реттеуге шақыратын бітімгершілік миссиясын да абыройлы атқарып отыр. Елорда өз беделін батыл қадамдардың арқасында қалыптастыра білді.
Қоғам • 06 Шілде, 2024
Домбыра туралы ән-жырларға құлақ тоссақ, аспаптың бүгінгі үлгісінің байырғы нұсқасынан айырмашылығы барын байқаймыз. Әсіресе перненің саны төңірегінде айтылар нұсқа көп. Кей жерде тоғыз перне десе, кей жерде жеті перне дейді. Ал дәл қазіргі домбыраның мойнына он тоғыз перне байланған.
Президент • 06 Шілде, 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 06 Шілде, 2024
Тоқсан жетінің көктемі жетісулықтардың төбесіне жай түсіргендей жайсыз жаңалығымен келді. Талдықорған облысы тарап, балапан басымен, тұрымтай тұсымен кетті. Жан-жағымызды жайлаған жұмыссыздық жүйкемізді жұқартып-ақ жіберді. Жарты жылдай үйде жатып, жамбасымыз тесілуге айналған соң жалақы тауып, жан бағудың жолдарын іздеп әбден әлекке түстік.
Елорда • 06 Шілде, 2024
Биігіне қарағанның қалпағын ұшыратын зәулім ғимараттары көз жауын алған әсем Астана – әлемдегі ең жаңа, даму қарқыны жоғары қала. Қыдыра келген әрбір мейман қаланың қонақжайлылығын сезінеді. Ежелден үлкен үй келімді-кетімді қонақтан арылмай жататыны бар. Міне, Астана еліміздегі сондай орынға айналды.