Тарих • 26 Шілде, 2023
«Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атаулардың дәстүрлі жүйесі» атты бес томдық энциклопедиясының бірінші томында: «Арба – екі немесе төрт дөңгелекті, атқа, есекке, өгізге, түйеге жегілетін жүк таситын көлік» деген анықтама беріпті.
Жастар • 26 Шілде, 2023
Жастар жолы: Азаматтық. Бірегейлік. Жасампаздық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы 14 қарашада «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенді өкілдерімен кездесуде: «Қазақстан азаматтарының, әсіресе жастардың еңбекқорлық қағидатын ұстануы маңызды. Қазір заман басқа, яғни маңызды шешімдердің уақыты, серпіліс жасайтын сәт. Біз мамандар іріктелетін, сәйкесінше уақыт өте келе мемлекетті басқару жауапкершілігін арқалай алатын өте қабілетті адамдар шығатын ашық қоғамға қарай қадам басып келеміз. Елімізге белсенді, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар керек. Еліміздің болашағы жастардың қолында», деп өзекті ой тастаған еді.
Қоғам • 26 Шілде, 2023
Өткен қыста еліміздің жылу энергетика саласы ауыр сынақты бастан өткерді. Жылыту маусымында жүйеде көптеген олқылық пен апат болды. Биыл да солай болмас үшін қыстың қамын жазда ойлап, ертерек қамдану орынды.
Қазақстан • 26 Шілде, 2023
Оңтүстікті солтүстікпен үйлестірген көші-қон
Солтүстікке бағыт алған көші-қон хабары үнемі ел назарында. Бұл – мемлекеттік мәселе. «Оңтүстіктен – Солтүстікке» атты бағдарлама негізінде ішкі көші-қон үдерісі жүріп жатыр. Мысалы, өткен жылы осы бағдарлама аясында 681 отбасы (2 556 адам) Солтүстік Қазақстан облысына көшіп келген екен.
Аймақтар • 26 Шілде, 2023
Жетісу құндылықтарын бағалауға ынта керек
Жетісу жерінде тарихи қалашықтар мен қасиетті жерлер жетерлік. Тұнығына бойласаңыз, топырақ тіл қататындай. Әйтсе де сондай құм басқан аяулы мекендер мен қараусыз қалған қасиетті нысандардың іздеушісі көрінбейді. Жергілікті атқарушы билік те оған мүдделі емес секілді, жеке тұлғалар да жаны ашымайтындай. Ал үңілгендерді елеп-ескеріп жатқан жан жоқ. Тіпті зерттейтін білікті мамандардың жұмысы бірізге түспеген.