Қазақстан • 29 Шілде, 2019
Birge, TazaQazaqstan акциясына қазақстандықтар атсалысуда
Өткен сенбіде еліміз бойынша #Birge #TazaQazaqstan республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті. Шілде айында ел аумағын қоқыстан тазарту мақсатында қолға алынған акцияға үн қосушылар қатары көбейіп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен азаматтық қоғамның бастамасымен бүкіл ел бойынша жүзеге асырылып жатқан ЭКО-Челлендж қозғалысын толық қолдайтынын айтқан болатын. Бұл жолы аталған акцияға Үкімет мүшелерінен бастап барлық деңгейдегі әкімдіктер, экология белсенділері қатысты.
Қоғам • 29 Шілде, 2019
Білікті мамандар басқа елді неге бетке алады?
Кез келген мемлекеттің еңсе тіктеп, өркен жаюы адам капиталының әлеуетін арттырумен тікелей байланысты. Бұл тұрғыда көпшіліктің саны емес, сапасы маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыда сөз қозғағанда көші-қон мәселесіне мән бермеу мүмкін емес. Өйткені жыл сайын шетелге қоныс аударып жатқан азаматтардың қатары көбеюі, олардың арасында білімді, тәжірибесі толысқан мамандардың көптеп кездесуі, сондай-ақ өзіміздің қаракөздердің де шекара асуы – алаңдатарлық жайт.
Руханият • 29 Шілде, 2019
Түгел түркіге керегі – «Томирис» пен «Күлтегін»
«Көп түрік енші алып тарасқанда» (М.Жұмабаев) қасиетті қарашаңырақты ұстап қалған біздің ел түбі бір туысқан халықтардың рухын оятатын ортақ құндылықтарды насихаттау ісінде де бірегей қадамдар жасап отыр. Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев түсірген «Томирис» фильмінің алғашқы ресми трейлерінің түркі дүниесінде зор қызығушылық тудырғаны соның айғағы деуге болады. Трейлер түрік тіліндегі субтитрімен жарияланған соң, бір күннің ішінде интернет қолданушылары миллион рет көріп үлгеріпті. Шамасы бауырлас жұрт түбі бір халықтардың көне тарихынан сыр шертетін көркем туындыға сусап жүрсе керек. Біздің де шөліміз қанбады. Бірақ біз көне тарихымыз жайлы көркем туындылар жасау ісін бастадық.
Аймақтар • 28 Шілде, 2019
Петропавлдық кәсіпкер аллея салуға 10 миллион теңге бөлді
Жамбыл көшесі бойында көп жылдар бойы бос тұрған алаңқай енді тұрғындар серуендейтін аллеяға айналатын болады.
Аймақтар • 28 Шілде, 2019
Алматыда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Алматыда Оқушылар сарайында Медеу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтіп, алпысқа жуық компаниялар қатысты.