Қазақстан • 25 Шілде, 2018
Астана тұрғындары шикізат қабылдайтын эко-пункттерге қоқыс өткізіп, ақша таба алады. Бүгінде елордада «Astana clean time» компаниясының 9 қоқыс қабылдайтын пункті орнатылып, жұмыс жүйелі жолға қойылып үлгерген. Компания оның санын жыл соңына дейін 31-ге жеткізуді жоспарлап отыр. Қоқыстың бір килосы 20 теңге мен 70 теңге арасында бағаланады.
Қазақстан • 25 Шілде, 2018
Алакөлдің инфрақұрылымы жақсарып келеді
Алакөлдің Шығыс Қазақстан аумағындағы бөлігіне тынығуға келушілер қатары кейінгі жылдары күрт көбейді. Бұған соңғы екі жыл мұғдарындағы қомақты қаржы бөлініп, көл жағасына жүргізілген абаттандыру жұмыстары, демалыс үйлерінің ретке келтірілгені, автовокзал, сауда орындары, дәмханалар мен ойын-сауық нысандарының салынуы себеп болғаны анық.
Футбол • 24 Шілде, 2018
«Астана» Данияның «Мидтьюлланд» командасын жеңді
Елорданың «Астана» командасы УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Данияның «Мидтьюлланд» командасын қабылдады, 2:1 есебімен басым түсті.
Қазақстан • 24 Шілде, 2018
Халықаралық сарапшылар шеберлік сабақтарын өткізді
Жуырда «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ «Стартап жобаларды дамыту және нарыққа шығару» тақырыбында шеберлік сабақтарын ұйымдастырды. Шара барысында әлемге халықаралық сарапшылар өздерінің табысты кейстер тәжірибесімен бөлісіп, жаңа жобалар құрудың инновациялық тәсілдерін айтып берді. Шара технологиялық кәсіпкерліктің құзыреттілігін арттыру, технологиялық кәсіпкерлікке қызығушылықты ынталандыру және инновациялық стартаптарды дамыту мақсатында өткізілді.
Президент • 24 Шілде, 2018
Елбасы Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.